Жұма, 01 Ақпан 2019 14:50

Атырауда Әлия Молдағұлованы еске алу кеші өтті

Оцените материал
(0 голосов)

14 қаңтар - Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күні. Биыл - батыр қыздың қайтыс болғанына 75 жыл. Осыған орай 31 қаңтар күні Атыраудағы №22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепте «Мерген – Әлия» тақырыбында еске алу кеші өтті.

Мектеп оқушылары Әлия Молдағұлованың өмірі мен ҰОС жылдарындағы ерлігі туралы баяндама жасады. Қатысушылар назарына «Снайпер» көркем фильмі мен «Әлия» атты деректі фильмі ұсынылды. Әлияның сіңілісі Сапураға, көкесі Бейсембайға жазған хаттары, сонымен қатар Әлия Молдағұловаға арналған өлеңдер оқылды.

- Әлия Молдағұлова – қазақ халқының даңқын шығарған батыр-қыз. Оның қайсар бейнесі жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие жүргізуде өте маңызды. Біздің жас буын осындай батырларды білуі тиіс, олар жайлы естелік сақтап, мақтан тұтулары міндет, - деді іс-шараға қатысқан ҚКХП Атырау ОК хатшысы Е.Дәулетқазиев.

Іс-шараға қатысушылар бір минут үнсіздік жариялау арқылы батыр-қыздың рухына тағзым етті.

Atir75letMoldag 9Atir75letMoldag 9Atir75letMoldag 9Atir75letMoldag 9Atir75letMoldag 9Atir75letMoldag 9Atir75letMoldag 9Atir75letMoldag 9Atir75letMoldag 9

Please publish modules in offcanvas position.