Дүйсенбі, 18 Қараша 2019 09:39

АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА ЕРЕКШЕ КӨЗҚАРАС ҚАЖЕТ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Атырау облыстық комитеті Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай аграрлық-техникалық колледжде қоғамдық талқылау ұйымдастырды.

Шараға ауыл шаруашылығына жауапты мемлекеттік органдардың, саланы дамыту және қолдау шараларымен айналысатын мемлекеттік корпорациялар мен кәсіпорындардың өкілдері шақырылды. Жиында отандық агроөнеркәсіп кешеніндегі проблемалар мен оларды шешуге бағытталған коммунистердің ұсыныстары талқыланды.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев ауыл шаруашылығын дамытуға кедергі келтіріп отырған бірқатар мәселелерді санамалап берді. Атап айтқанда, қаржыландырудың жеткіліксіздігі, субсидия алудағы және жер мен мүлікті кепілге қойып несие рәсімдеудегі қиындықтар, банктерде кепілдікте жатқан жерлердің дұрыс пайдаланылмауы, шаруалардың заңдық тұрғыдан білімсіздігі, қолданыстағы заңдардың бір-біріне кереғарлығы, жайылымдық жерлердің жоқтығы, білікті мамандардың және өңдеу саласындағы кәсіпорындардың аздығы, лизингті рәсімдеудің қиындығы, ауылдардағы инфрақұрылымның дұрыс дамымауы саланы кері сүйреп тұр.

Коммунистің баяндамасынан кейін шақырылғандар өз ойларын ортаға салды. Шара соңында Ерболат Дәулетқазиев елдегі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған ҚКХП ұсыныстарын жеткізді.

Ауыл шаруашылығы департаменті мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері коммунистердің жобасын тиімді деп есептеп, оларды іске асыру керек деген шешімге келді. ҚКХП Қазақстандағы ауылдарды дамытуға ерекше көзқарас қажет деп есептейді. Егер бұл іске асырылса, онда отандық ауыл шаруашылығы ел экономикасының озық секторына айналуы мүмкін. Сонымен қатар ол жаһандық ауқымда да маңызға ие болар еді.

ҚКХП Атырау облыстық комитеті

AtirSelhoz 2AtirSelhoz 2

Please publish modules in offcanvas position.