Жұма, 06 Қыркүйек 2019 09:35

Коммунистердің қоғамдағы ықпалы күшейеді

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Атырау облыстық комитетінің активі бірінші хатшы Ерболат Дәулетқазиевтің төрағалығымен «Бастауыш партия ұйымдары желісін кеңейту» деген тақырыпта жиын өткізді. Оған жастар қанатының өкілдері мен партия ардагерлері қатысты.

Басқосуда бірінші хатшы ҚКХП Орталық комитетінің, «Халық коммунистері» фракциясының жыл бойы атқарған жұмысына шолу жасап, облыстық комитеттің жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ Максим Федотовтың жетекшілігімен өткен «Көктемгі шақырылым» акциясының қорытындысын жариялады.

Шара шеңберінде бастауыш партия ұйымдары мен партия қатарына қабылданған жаңа мүшелерге қатысты мәлімет берілді. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауындағы маңызды мәселелер талқыланды.

Ерболат Дәулетқазиев өркениетті қоғамда коммунистік идея өзектілігі мен өміршеңдігін көрсетіп отырғанын атап өтіп, ҚКХП халықтың рухани байлығын сақтауға және әлеуметік жағдайын жақсартуға басымдық беріп отырғанын айтты.

– Коммунистердің қоғамдағы ықпалы күшейеді. Бұл үшін ерекше қажыр-қайрат, ұйымдастырушылық қабілет қажет. Партия өкілдері кадр таңдауда жаңылыспауы керек. Партия мүшелерінің қатарын көбейту, партияға жастарды тарту мәселесі үнемі күн тәртібінде тұруға тиіс. Бізге партия құрылымын сараптап отыру керек. Бастауыш партия ұйымдарының жақсы жұмыс істеп жатқанын жоққа шығара алмаймыз, алайда олардың қызметін  ширату қажет екенін айтуымыз керек, – деді Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы.

Жиында ардагер, тарихшы  Вячеслав Афанасьев пікір білдірді.

– Батыстың күмәнді стандарттары қоғамға сыналап еніп жатыр. Ол жастардың санасын улап, жандүниесін өзгертуде. Біз, аға және іні буын бұған тосқауыл қоюымыз керек. Біздің өз құндылығымыз, өз қасиетіміз, өз ерекшелігіміз бар», – деді ол.

ҚКХП Атырау облыстық комитетінің белсенділері халық арасында партияның танымалдығын арттыруға қолдан келгеннің барлығын жасайтындарын жеткізді. Ал Ерболат Дәулетқазиев жақтастарына сәттілік пен табыс тіледі.

ҚКХП Атырау ОК баспасөз қызметі

АтырауАтырауАтырау5

Please publish modules in offcanvas position.