Сейсенбі, 16 Сәуір 2019 16:30

Батыс Қазақстан облыстық комитеті оқушылар мен студенттер үшін кәсіптік бағдар өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитеті мектеп оқушылары мен колледж және университет студенттері үшін «Дұрыс мамандық таңдау - адам өміріндегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» деген тақырыпта кездесу өткізді.

- Қазір мамандық өте көп. Бұрын адамдар ЖОО мен мамандықты бір-ақ рет таңдайтын.  Бүгінгі таңда адамның интеллектуалдық, шығармашылық, тұлғалық әлеуетін ашуға мол мүмкіндік берілген. Таңдау көп болғандықтан, жастар жаңылысып, қателесіп жатады. Негізі мамандық таңдаудың іргетасы мектепте қаланады. Оқушының қай сабаққа бейімі бар екені белгілі болған сәттен бастап, оның кім болатынын болжауға болады. Ата-аналар көп жағдайда ұл-қыздарының қалауын ескермей, балаларын өздері дұрыс деп шешкен мамандыққа түсіреді. Бұл ескі тәсіл, қате шешім. Қазіргі нарықтық заманда қандай мамандық сұранысқа ие екенін білу және қандай мамандыққа ауысып кетуге болатынын тап басу аса маңызды, – деді облыстық комитеттің бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов.

ZKOProfessAprill 6ZKOProfessAprill 6ZKOProfessAprill 6ZKOProfessAprill 6ZKOProfessAprill 6ZKOProfessAprill 6

Please publish modules in offcanvas position.