Сейсенбі, 08 Қазан 2019 09:23

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ЖАСТАРҒА МІНДЕТ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің жас коммунистері сенбілік ұйымдастырып, еңбек ардагерлері мен жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетті.

Облыстық комитеттіңЖастар қанатының еріктілерінен құралған топ үлкен бригадаға айналып шыға келді. Белсенділер екі күн ішінде бау-бақшадағы өнімді жинап, аулаларды тазартты. Жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қарт адамдардың қолынан келмейтін істердің бәрін атқарып, алғысқа кенелді. Жастар біріксе, шешілмейтін шаруа жоқ екеніне тағы бір мәрте көз жеткендей болды.

Еске сала кетейік, Жастар қанатының коммунистері мұндай шараны алғаш рет ұйымдастырып отырған жоқ. Олар бірнеше жылдан бері жалғызбасты зейнеткерлерді қамқорлыққа алған. Қарт адамдарға көмектесу – олардың азаматтық міндеті. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек алып келу, бау-бақшаны тазарту, ауладағы ірілі-ұсақты шаруаларды тындыру, көмір тасып, отын жару жас коммунистер үшін оңай шаруа. 

Жуырда облыстық комитеттің Жастар қанаты Арыстағы жарылыстан кейін үйлерді тазарту мен қалпына келтіру шараларына қатысты. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, сөзбен емес, іспен әрекет ету жастардың игі дәстүріне айналғандай. Жастар қанатының көшбасшылары мен Батыс Қазақстан облыстық комитетінің белсенді жастары жалғызбасты қарттардың тізімін түзіп, алдағы уақытқа арналған іс-шаралардың жоспарын жасады.

«Қарттарға құрмет көрсету біз үшін маңызды міндет. Үлкендерге көмектесу – үлкен абырой. Бұл оларға қуаныш сыйлайды, көңілдерін бір серпілтіп тастайды», – дейді облыстық комитеттің бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов.

ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитеті

ZKOPomoshStar 1ZKOPomoshStar 1ZKOPomoshStar 1

Please publish modules in offcanvas position.