Жұма, 06 Қыркүйек 2019 09:06

Жас коммунистердің қатарын көбейту үшін...

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Батыс Қазақстан облыстық комитетінің басшылары «Бастауыш партия ұйымдары желісін кеңейту» деген  тақырыпты талқылау үшін партия активімен кездесті.

Бастауыш партия ұйымдары партия желісінің негізін құрайды. Сондықтан олардың саны көп болғаны жақсы.

Шара шеңберінде «Көктемгі шақырылым» акциясының қорытындысы жарияланды және бастауыш партия ұйымдарын дамыту мәселесі күн тәртібіне қойылды.

Партия құрамындағы жастардың қатарын көбейту үшін БАҚ арқылы насихат жұмысын жүргізіп, коммунистердің жетістіктерін көрсету қажет.  Жастардың қатысуымен түрлі акциялар ұйымдастырып, партияға еріктілерді тарту керек.

Басқосуда облыстық комитеттің бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов жаңадан пайда болған бастауыш партия ұйымдары туралы ақпаратпен бөлісті және партия қатарына қабылданған жаңа мүшелер жайлы сөз қозғады.

Сөз арасында ол ҚКХП-ның халық арасындағы танымалдығын арттыру үшін қазіргі жұмыс қарқынын күшейту қажет екенін алға тартты.  Жиын соңында бастауыш партия ұйымдарының белсенді хатшылары алғыс хатпен марапатталды.

ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитеті

ЗКО фотоЗКО фото

Please publish modules in offcanvas position.