Жұма, 14 Ақпан 2020 10:52

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ КОНЦЕРТ ҚОЙДЫ

Оцените материал
(2 голосов)

ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің активі мен Жастар қанаты Орал қаласындағы Қарттар үйінде концерт ұйымдастырды.

Іс-шара «Үлкенге құрмет» жобасы аясында өткізілді. Қарттар үйінде толыққанды жағдай жасалған. Тек бос уақытты пайдалы өткізу мен қарым-қатынас жеткіліксіз екені түсінікті. Коммунистер осы бір олқылықтың орнын толтыру үшін концерт ұйымдастырып, қарттарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Көрермендер коммунист-әртістерді үлкен ықыласпен қабылдады. Қарттардың көбі ортаға шығып, би биледі. Бұл күні әуезді ән шырқалып, әдемі әзіл айтылды. Ең бастысы қарттардың жаны жадырап, көңілдері көтерілді.

«Біздің шарамызға көп адам жиналды. Көпшіліктің сұрауы бойынша тағы бір концерт өткізетін болдық. Мұндағылар бізді де жылы қабылдады. Демек, «Үлкенге құрмет» жобасы бүгінгі қоғамға ауадай қажет. Біз мұндай игі бастамаларды жалғастыра береміз. Өйткені қарттарымыз бақытты болуға тиіс», – деді Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов.

ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитеті

ЗКО концерт4ЗКО концерт4ЗКО концерт4ЗКО концерт4ЗКО концерт4ЗКО концерт4ЗКО концерт4ЗКО концерт4

Please publish modules in offcanvas position.