Сейсенбі, 08 Қазан 2019 09:32

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ДИҚАНШЫ

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстанда өмірдің мәнін еңбек деп білетін жандар көп. Олар бұл үшін ешкімнен алғыс күтпейді. Мұндай жандарға міндеттерін мінсіз атқару абыройлы борыш. Осы орайда ауыл еңбеккерлерін нағыз патриоттар деуге болады. Өйткені ауыр жұмыстың денін солар істейді. Олардың еңбегі қандай құрметке болса да лайық.

Серікбай Бабаев өмірінің көп бөлігін егістік алаңында өткізген адам. Адал еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталған. Оның анасы – Социалистік Еңбек Ері. Еңбек Ерінің ұлдары отбасылық жолды ойдағыдай жалғастырып келеді.

Серікбай әскери борышын өтеп келген соң, колхоздың жұмысына араласты. Техникумды тәмамдағаннан кейін 12 жыл механизатор болып еңбек етті. Оның адалдығы мен жауапкершілігінің арқасында Коммунист колхозындағы техникалар ақаусыз жұмыс істеді. Ол 11 жыл бойы мақта жинау бригадасында еңбек етті. Аталған бригаданы анасы Майшай Әбенова басқарды. Қазақ КСР Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев Түркістанға келген сайын егістіктегі еңбеккерлермен кездесіп, тілдесуге әрдайым уақыт табатын. Сондай-ақ ол міндетті түрде әйгілі колхозшы Майшай Әбеновамен дидарласатын. Ол өмір бойы егістікте жұмыс істеп, балаларын еңбекке үйреткен ерекше жан. 

Таңнан кешке дейін егістікте жүрсе де, Серікбай Мейрамұлы білім алуды армандайтын. Ол арманына қол жеткізіп, Алматы ауыл шаруашылық институтын тәмамдап, агроном мамандығын игерді. Осылайша оның жұмысы одан әрі жауапты бола түсті. Өйткені оның мойнына егістіктің өнімділігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу секілді жауапты міндеттер жүктелді. Ол мақта шаруашылығының дамуына жан-тәнімен еңбек сіңірді. Серікбай Мейрамұлы колхоз құлағанға дейін агроном, инженер, колхоз төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Адал, сенімді, еңбексүйгіш Серікбай Мейрамұлы өміріне әділетті, ашықтық пен шындықты ту еткен жан. Оның мұндай қасиеттерін аңғарған қатарластары, коммунистік партияға шақырған. Серікбай Бабаевтың партиядағы тәжірибесі 25 жылдан асады. Ол қазір де коммунистердің қатарында. ҚКХП партиясының мүшесі. Ол партия қатарында болғанын мақтан тұтады.

Ардагер ауылдардың қаңырап бос қалғанына, жерлердің игерілмей жатқанына, адамдардың ауылдан алшақтап, туған жерлерін тастап, қалаға қоныс аударуына қынжылыс білдіреді.

«Ауылда жұмыс жоқ. Сондықтан бәрі қалаға көшіп жатыр. Жер телімі барлар ферма ұстайды, бірдеңе егуге тырысады. Жер Анадан алшақтау, адамның жұмысқа деген қабілетін төмендетеді. Жерден несібе іздегендер өздері үшін ғана емес, елдің игілігі үшін де еңбек етіп жүр», – дейді Серікбай аға.

Адамның бәрі ауылда жұмыс істей алмайды. Бұған ерекше көзқарас пен қарым-қатынас қажет. Серікбай Мейрамұлы өз ұлдарын несібені жерден іздеп, еңбек етуге үйреткен. Ол өз туған жерін жақсы көреді. Бүгінгі жастарды да туған жерді сүюге шықарады.

Кейіпкеріміз ауылдар жанданып, ауыл кооперативтері нығаяды деген сенімде. Диқандар отандық тауарларды өндіріп, импортталатын шетел өнімдеріне тосқауыл қоятынына сенеді. 

«Елді асырау деген мамандық бар. Бұл ең құрметті мамандық», – дейді коммунист, агроном, ауылдың құрметті еңбеккері Серікбай Бабаев.

Ольга Карташева

Please publish modules in offcanvas position.