Сәрсенбі, 20 Қараша 2019 09:15

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ЕКІНШІ ХАТШЫСЫ САЙЛАНДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Түркістан облыстық комитетінің кезектен тыс пленумы өтті.

Шара шеңберінде кадрлық өзгеріс орын алды. Пленум мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Ысқақ Ахметов Түркістан облыстық комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. Бұған дейін ол ҚКХП Кентау аудандық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған.

Басқосу барысында Түркістан облыстық комитеті бюросының құрамы жаңарып, тәжірибелі коммунистермен толықты.

Облыстық комитеттің шешіміне пленум мүшесі, партия ардагері, Сайрам аудандық комитетінің бірінші хатшысы Атажан Исаев оң баға беріп, коммунистерге табыс пен сәттілік тіледі.

ҚКХП Түркістан облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.