Дүйсенбі, 09 Қыркүйек 2019 10:14

Түркістандық коммунистер жастармен жұмысқа басымдық беріп жатыр

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Түркістан облыстық комитеті өз активімен бастауыш партия ұйымдары желісін кеңейту мәселесін талқыланды.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Ерахан Ахмет партияның танымалдығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып келеді. Ол таяуда өткен сайлауда, Арыстағы апатта, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету акцияларында коммунистерді тиісінше жұмылдыра білді.

Қазір облыстық комитет жастармен жұмысқа басымдық беріп отыр. Алдағы уақытта бастауыш партия ұйымдарының қатарын көбейту жоспарланған.

Түркістанда көпбалалы аналардың қарасы қалың. Сондықтан бұл жақта жас кадрлардың тапшылығы жоқ. Осыны назарға алған облыстық комитет жоғары оқу орындарымен, орта, арнаулы білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынас орнатып жатыр.

Басқосуда «Көктемгі шақырылым» акциясының қорытындысы жарияланды. Белгілі болғандай, акция Түркістан қаласында ғана емес, Кентау, Арыс, Сарыағаш шаһарларында сонымен қатар Мақтаарал,

Жетісай, Сарыағаш, Келес аудандарында да жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

ҚКХП Түркістан облыстық комитеті

туркестан1туркестан1туркестан1

Please publish modules in offcanvas position.