Жұма, 14 Ақпан 2020 11:06

СЕНІМІНЕ АДАЛ АҚСАҚАЛ

Оцените материал
(2 голосов)

ҚКХП Түркістан облыстық комитетінің белсенділері мен Жастар қанатының өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагері Әбжаппар Дайрабаевтың шаңырағында болды. Ол Брянск майданында соғысып, Украина мен Белоруссияны жаудан азат етуге қатысқан. Жеңісті Польша жерінде қарсы алған.

Ардагер соғысқа өзі сұранып барған. Ол қанды майдан туралы көп әңгіме айтты. Әбжаппар ата әлдекімдердің тарихты бұрмалауға тырысатынына реніш білдірді.

«Қазір елдің өткен тарихына күйе жағушылар көп. Олар миллиондаған адамның тағдырына құрметсіздік танытып отыр. Мен коммунистік идеяға сенемін. Социализм адамзатқа бағытталған, ал капитализм деген әлдекімдердің мүддесі. Қазір Отан үшін қан төгуге дайын жан бар ма? Әркім өз мүддесі үшін ғана әрекет етеді. Әлем өзгерді. Десе де, мен ашық аспан астында, бейбіт күнде ғұмыр кешіп жатқанымызға тәубе деймін», – деді ақсақал.

Әбжаппар Дайрабаев соғыстан кейін отыз жылдай ұстаздық қызмет атқарды. Сондай-ақ бірқатар жыл Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының Түркістан қалалық филиалын басқарды. Әбжаппар ата қазір де қоғамдағы өзгерістерді қадағалап отырады.

Облыстық комитеттің активі Әбжаппар Дайрабаевты В.И.Лениннің 150 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапаттап, ақсақалға ұзақ ғұмыр тіледі.

ҚКХП Түркістан облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.