Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019 13:46

Қоғамдық қабылдауға келушілердің саны күн сайын көбейіп жатыр

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Түркістан облыстық комитеті қоғамдық қабылдауының заңгері Ұлықбек Сырбаев азаматтарға құқықтық кеңес беріп, тегін заңгерлік көмек көрсетіп жатыр.

Заңгер келушілерді мұқият тыңдап, құжаттарды рәсімдеуге, әзірлеуге және құзырлы органға жолдауға жәрдемдесуде. Оның айтуынша, адамдар өздерін қорғаудан қорқады, жолдарын білмейді, нәтижеге сенбейді. Бұған бос әурешілік, уақыт жоғалту деп немқұрайлы қарайды. Іс оң нәтиже бергенде ғана, мүмкіндіктің бар екеніне сенеді. Атаулы әлеуметтік көмек енгізілгелі, қоғамдық қабылдауға келушілердің саны артты. Олардың арасында көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, аудан, ауыл тұрғындары өте көп. Үсен Жандарәлиевті жұмысқа орналастыру үшін заңгер Жұмыспен қамту орталығына өтініш жазды. Нәтижесінде өтініш иесі жұмысқа орналасты.Қарашаш Шаймерденова атаулы әлеуметтік көме ала алмай жүр екен. Заңгер оғанда қол ұшын берді. Ал Мейірлан Барохов алимент жөнінде кеңес алды. Оған бала күтіміне жалақының қанша пайызы ұсталынатыны туралы ақпарат берілді.

Айта кетейік, ҚКХП Түркістан облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауына құқықтық көмек алу үшін екінші рет келіп жатқан азаматтар бар. Жалпы, қоғамдық қабылдаудың есігі баршаға ашық, бұл жерде барлығына бірдей көмек көрсетіледі.

ҚКХП Түркістан облыстық комитеті

TurkestObshPriem 2TurkestObshPriem 2

Please publish modules in offcanvas position.