Дүйсенбі, 15 Шілде 2019 10:15

ТҰРҒЫН СЫЗДЫҚОВ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Депутат, «Халықтық коммунисттер» фракциясының мүшесі Тұрғын Сыздықов Щучинск қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ол Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықты аралап, оның жұмысы, қызметкерлері мен қызметтерді алушыларымен тілдесті.

Орталық қызметкерлері өзекті мәселелерді талқылау барысында, жақында жалақыларының жоғарылағанын және орталықта тұрып жатқан азаматтардың қажетті жағдайлары жасалғандығын атап өтті.

Сонымен қатар, ұжым мүшелері мемлекеттік қызметкерлер қатарына кірмейтін жұмысшылардың денсаулығын емдеу-сауықтыруға арналған жәрдемақы қарастырылмағанын айтып шағымданды.

  • Сіздер атап өткен мәселені өзекті деп есептеймін және тиісті органдар бұл сұраққа назар аудару үшін қолымнан келгенді істеуге тырысамын, - деді коммунист Т.Сыздықов.
  • 67168649 498099487400014 4043196699655536640 n

Please publish modules in offcanvas position.