Бейсенбі, 29 Тамыз 2019 15:47

Коммунистердің «Біз мектепке барамыз» акциясы ел аумағын тұтас қамтыды

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП ) құрылған сәттен бастап қарапайым халықтың мүддесін қорғап келеді. Бұл үшін Парламентте өзекті әлеуметтік тақырыптарды талқыға салып, оның шешілуіне ықпал етіп отыр.

«Халық коммунистері» фракциясының өкілдері қарапайым адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін атқарушы биліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру қажет екенін мәлімдеуден жалыққан емес. Коммунистер Үкіметке түрлі әлеуметтік бастама ұсынуда да өзге саяси ұйымдардан оқ бойы озық  тұр.

Ел азаматтарының әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерін жоғары билікке жеткізу, кедейшілікпен күрес, азаматтарға сапалы білім беру мен заман талабына сай медициналық қызмет көрсетуді талап ету коммунистердің темірқазық тұтатын тақырыбы болып қала береді.

ҚКХП көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларды, ардагерлер мен  зейнеткерлерді, мүгедектер мен әлеуметтің осал тобына жататын басқа да  азаматтарды ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Оларға көмек көрсету үшін түрлі жобалар мен акция ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

Соңғы 10 жылда коммунистер көмекке мұқтаж отбасылардың балаларын ерекше назарға алып, оларды  жаңа оқу жылына даярлап жүр. Бүгінге дейін он мыңдаған оқушы коммунистердің қолдауымен 1 қыркүйек күні мектепке сақадай-сай болып барды.  ҚКХП өкілдері дәстүрге айналдырған игі істерін биыл да жалғастырды.

«Білімсіздік – кедейшілікке, кедейшілік – сауатсыздыққа бастайды. Осының алдын алу үшін біз көмекке мұқтаж отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына даярлаймыз. Біз мұны қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік деп білеміз. Бұл іске коммунистермен қоса еріктілерді, кәсіпкерлерді, қарапайым адамдарды жұмылдырамыз. Осылайша ел болып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын береміз», – дейді «Біз мектепке барамыз» акциясы туралы коммунистер.

ҚКХП-ның «Біз мектепке барамыз» атты биылғы акциясы 1 тамыз бен 6 қыркүйек аралығын қамтиды. Осы уақытта еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған оқушыларға мектеп формасы, оқу құралдары және күнделік таратылады. Бүгінге дейін «Біз мектепке барамыз» акциясы аясында Қазақстан бойынша 5 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетілді. Коммунистерден мектеп формасын, оқу құралдарын және күнделік алғандардың барлығы мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар болды.

Акцияның жүзеге асуына партияның барлық облыстық, қалалық және аудандық  комитеттері атсалысты. Коммунистер жергілікті атқарушы билік өкілдерімен, білім беру мекемелерімен белсенді жұмыс істеді.

Ерекше атап көрсетерлігі, ҚКХП биыл барлық артық шығындардан бас тартты. Тіпті партияның 15 жылдығына да шығындалған жоқ. Есесіне «Біз мектепке барамыз» акциясын ауқымды етіп өткізу үшін жыл бойы акцияның насихаттаумен айналысты. Қаражатты осы мақсатқа жұмсады. Нәтижесінде «Біз мектепке барамыз» акциясын қолдаушылардың қатары көбейді. Коммунистердің қатарына еріктілер, кәсіпкерлер және қарапайым азаматтар қосылды. Олар партиямен бірлесіп, «Біз мектепке барамыз» акциясын іске асырды.

Көпбалалы ана Яха Месербиева ҚКХП Астана қалалық комитетінен бірнеше жылдан бері көмек алады. Ол партияның дәстүрлі акциясы жайлы былай деді: «Жыл сайын осындай акция өткізетіні үшін коммунистерге алғыс білдіремін. Бұл біз үшін шынайы көмек. Мектеп формасы қымбат, мен барлық балама жаңа киім ала алмаймын. Осы олқылықтың орнын толтырғандары үшін коммунистерге шынайы ризашылығымды жеткізгім келеді. Атқарып отырған  істеріңіз алға баса берсін. «Біз мектепке барамыз» акциясы өміршең болсын!».

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы «Біз мектепке барамыз» акциясын жүзеге асыруға атсалысқан әр азаматқа  алғыс айта отырып, игі іс жыл сайын үздіксіз жалғаса беретінін және биылғы акция 6 қыркүйекке дейін жалғасатынын мәлімдейді.

69241586 2387531944668151 8517796218217168896 o69241586 2387531944668151 8517796218217168896 o69241586 2387531944668151 8517796218217168896 o69241586 2387531944668151 8517796218217168896 o

Please publish modules in offcanvas position.