Сенбі, 12 Қазан 2019 09:34

ЗАҢ ЖОБАСЫ БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫ ИГЕРУГЕ ҒАНА АРНАЛҒАН БА?

Оцените материал
(1 Голосовать)

Ел ішінде ерекше насихатталған «Педагог мәртебесі туралы» заң жұрт күткен сенімді ақтамауы мүмкін. «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысына қатысушылар осындай түйін жасады. 

ҚҰЖАТТА НАҚТЫЛЫҚ ЖОҚ

Отырыстың модераторы, ҚКХП ОК хатшысы, «Халық коммунистері фракцияның жетекшісі, Мәжіліс депутат Айқын Қоңыров атап өткендей, жиынға қабылданғалы отырған заңның нақты жұмыс істегенін қалайтындар мен құжаттың ұстаздардың мүддесін қолдағанын құптайтындар, яғни мүдделі тарап жиналған. 

– Бүгінгі пікірталас аталған құжатты Парламентте толықтыруға зор мүмкіндік береді, – деді фракция жетекшісі.

Өз кезегінде, отырысқа қатысқан ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі заң жобасындағы нормаларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстардың бәрі ескерілетінін айтты.

– Біз құжатты талқылауға дайынбыз. Ұтымды ұсыныстарды Мәжіліс қарауында жатқан жобаға енгізуге әзірміз, – деді министрлік өкілі.

Депутат Ирина Смирнова құжаттағы негізгі проблемалар мен сәйкессіздіктерді атап көрсетті. Оның сөзінше, құжатта нақтылық жоқ.

– Мәселен, мұғалімдердің еңбеақысы қанша болады? Құжаттан осыған қатысты нақты бір ұсынысты көргіміз келген. Бірақ, таппадық. Сол секілді олардың жүктемесі қандай болмақ? Бұған қатысты да нақты бір талап жоқ. Біздіңше мұның бәрі заңмен нақты бекітілуі керек. Сонда оны шенеуніктер ешқашан өзгертпейді, – деді халық қалаулысы.

Депутат құжаттағы басқа да қайшылықтарды атап өтті. Бір жағынан құжатта мұғалімдерді оның кәсіби міндетіне жатпайтын қосымша жұмыстарға жекпеу туралы нақты талап бар. Ал екінші жағынан педагогтар қоғамның әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамуына атсалысуға міндетті. Өкініштісі, бұл талапты кез келген жағдайға пайдалана беруге болады.

Оқытушы Данагүл Смақованың сөздері уақыт талабымен үндесті. атты. Оның пікірінше, «Ұстаздар мәртебесі» туралы заң жобасында қамтылған дүниелердің дені қолданыстағы заңнамада қарастырылған. Ал кейбірі «Білім туралы» заңда ішінара қамтылған.

– Қолданыстағы заңды қайталайтын заң жобасының қаншалықты қажеті бар? Неліктен жоғарыда аталған талаптарға қатысты нақты шаралар қолданбасқа? – деді Данагүл Смақова.

Ол мұғалімдер қауымы көтерген ұсыныстардың басым бөлігі заң жобасына енгізілмегенін атап өтті.

– Біз неліктен мұғалімнің рөлі маңызды екенін мойындаудан қорқамыз? – дейді оқытушы.

Уәде етілген әлеуметтік кепілдіктер заң жобасына енгізілмесе, онда құжатты қабылдаудың қаншалықты қажеті бар? Одан да қолданыстағы заңнамалық нормаларды «жұмыс істеуге» мәжбүрлей салған тиімді еді ғой.

– Мұғалім, педагог дегеніміз – қандай да бір ерекше әлеуметтік жеңілдіктері жоқ тұлға. Ол – мемлекеттің талаптары мен амбицияларына жауап беретін «ресурстар мен құралдарды» өндіруге міндетті нысан, – деді қоғамдағы ұстаздардың рөліне қынжылыс білдірген Данагүл Смақова.

Оқытушының сөзінше, моральдық ұрандарға қарамастан, ұстаздарды қарапайым адами қажеттіліктермен қамтамасыз етуді ешкім алып тастаған жоқ. 

– Сондықтан заң жобасы бөлінген қаржыны игеруге ғана арналған деп тұжырым жасауға әбден болады, – дейді ол.

БІЛІМГЕ САЛЫНҒАН АҚША ШЫҒЫН ЕМЕС, ИНВЕСТИЦИЯ

«Radius Advisory Lab» компаниясының тәуекелдерді басқару жөніндегі маманы Тимур Әбілқасымов Қазақстанда мұғалімдерге қатысты қалыптасып отырған қазіргі жағдайдың түбегейлі өзгерістерді қажет ететінін нақты цифрлармен дәлелдеп берді. Оның баяндамасы Қазақстандағы білім саласын қаржыландыру мәселесіне арналды. Ол өз сөзінде салаға талдау жасап, республиканың көрсеткіштерін ТМД елдерімен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттермен салыстырды. Мұғалімдер мен оқушылар есебінен қаржы үнемдеудің кемшіліктерін атап көрсетті.

– Білімге салынған ақша шығын емес, инвестиция, – деді ол.

Петропавл қаласындағы №32 мектептің директоры, коммунист Сергей Мартемьянов қабылданғалы отырған заң жобасын «елдің саяси өміріне арналған қағаз» деп атады. Өйткені «Халық коммунистерінен» басқа саяси партиялар педагогтардың мәселесіне қатысты жұмған ауыздарын ашар емес.

– Талқылау барысында қоғам тарапынан көптеген маңызды әрі қызықты ұсыныстар келіп түсті. Ал соңында мұғалімдердің бірде-бірі өздері қалағандай заң жобасына қол жеткізе алмады, – деді Сергей Мартемьянов.

Фракция отырысының қорытындысы бойынша қатысушылар жарнамасы жер жарған заң жобасын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстарды енгізді.

«Бүгінгі талқылаудан ұққанымыз, мемлекет педагог мәртебесінің өзгеруіне мүдделі емес. Десе де, мұғалімдердің әлеуетті күшке ие екенін, олардың көптігі мен қоғамға деген әсерін ескергендіктен, мұғалімдердің  жағдайын өзгертуге әрекет жасап жатқанын аңғаруға болады. Біздің пікірімізше, мұндай әрекеттер көзбояушылық секілді көрінеді», – деген тұжырымға келді отырысқа қатысушылар.

Қоғамдағы жағдайды нақты өзгерту үшін коммунистер еліміздегі педагогикалық білім беретін жоғары оқу орындарының жұмысын жолға қою керек деп есептейді. Сондай-ақ мұғалімдердің еңбекақысын кем дегенде елдегі орташа жалақы деңгейіне жеткізу керек. Ал жеңілдіктер (оның ішінде баспана алу жеңілдігі ) мен әлеуметтік кепілдіктер орта деңгейден әлдеқайда жоғары болуы шарт. Қысқасы, мүмкіндігінше жас мамандарды кемсітуге жол бермеген абзал. Коммунистердің пікірінше, мұғалімдерді зейнеткерлікке шығару үшін 25 жылдық педагогикалық еңбек өтілі жеткілікті. Ал БЖЗҚ-ға аударылатын төлемдер мемлекет есебінен жүргізілуі керек.

– Білім саласындағы реформа негізден басталуы керек. Ал негіз дегеніміз – мұғалім! Білім – болашақ ұрпақтың жарқын болашағының іргетасы. Осыны естен шығармаған абзал, – деп түйіндеді шараны коммунистер.

PedagogyKonurov 8PedagogyKonurov 8PedagogyKonurov 8PedagogyKonurov 8PedagogyKonurov 8PedagogyKonurov 8PedagogyKonurov 8PedagogyKonurov 8

Please publish modules in offcanvas position.