Жұма, 25 Қазан 2019 12:02

ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТТЕ ҚХСКК ШАНХАЙ КОМИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Оцените материал
(0 голосов)

25 қазанда ҚКХП Орталық Комитетінде ҚКХП ОК халықаралық қатынастар жөніндегі хатшысы Ж.Ахметбеков Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесі Шанхай комитеті басшысының орынбасары Сю Ибомен кездесті.

Қытайлық делегация біздің елдегі инвестициялық климатты зерделеу мақсатында парламенттік партиялармен, Қазақстандағы ірі қалалардың басшыларымен жүздесіп жүр. 

Кездесу барысында Сю Ибо Қазақстандағы құрылыс саласының инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндады. Сондай-ақ ол коммунистерді Шанхайға шақырды.

Соңғы айларда ҚХСКК Шанхай комитеті ҚХР-дағы және шет елдердегі инвестициялық климатты жақсартуға арналған сериялық зерттеу ұйымдастырып жүр.  

Шанхай Қазақстанмен тығыз экономикалық байланыс орнатқан. Astana World Expo 2017 көрмесінен кейін байланыстың буыны беки түскен. Қытай кәсіпорындары біздің республикамен әртіптестік орнатуға мүдделі екенін аңғартқан. 

ҚХСКК Шанхай комитеті туралы қысқа ақпарат:

ҚХСКК Шанхай комитеті Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің жергілікті комитеті болып табылады. Оның құрамына Қытай Коммунистік партиясы жергілікті комитеттерінің өкілдіктері, демократиялық партиялар, бұқаралық ұйымдар сонымен қатар Қытайдағы қауымдастық өкілдері кіреді.

ҚКХП баспасөз қызметі

Central Shanhay 2Central Shanhay 3

Please publish modules in offcanvas position.