Бейсенбі, 07 Қараша 2019 09:25

ҚҰРМЕТТІ ЖОЛДАСТАР!

Оцените материал
(1 Голосовать)

Сіздерді Ұлы Октябрь социалистік революциясының 102 жылдығымен құттықтаймын! 

1917 жылдың қазан айындағы тарихи оқиға қоғамның түлеуі мен түрленуіне, жаңғыруы мен жаңаруына негіз болды. Адамдардың жарқын болашаққа деген құлшынысы сана сілкінісін туғызды.  Нәтижесінде әлеуметтік әділетсіздіктің тамырына бала шабылып, қоғам дамудың дара даңғылына түсті.

Ғасырдан астам уақыт өтсе де, қарапайым халықтың мүддесі мен мақсатын, құқығы мен бостандығын қорғау үшін әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы ұйымдастырылған Ұлы Қазан революциясы тарихи маңызын сақтап қалды.

Біз Ұлы Октябрь социалистік революциясы күнін  атап өту арқылы қуатты экономика құрып, сапалы білім мен медицинаның негізін қалаған, ғылым мен руханият және спорт саласында толайым табысқа жеткен кеңес азаматтарының барлық ұрпағына алғыс білдіреміз.

Сіздерге шын жүректен үміт пен сенім, береке мен бірлік, ынтымақ пен ырыс және денсаулық пен бақыт тілеймін!

Құрметпен,

ҚКХП Орталық Комитетінің Хатшысы

Айқын Қоңыров

Please publish modules in offcanvas position.