Жұма, 06 Қыркүйек 2019 17:40

«Біз мектепке барамыз»: Коммунистер оқушыларға қуаныш сыйлады

Оцените материал
(0 голосов)

Бүгін, 6 қыркүйек күні Қазақстан Коммунистік халық партиясының бір айдан астам уақытқа созылған «Біз мектепке барамыз» атты республикалық акциясы мәресіне жетті.

Шара шеңберінде көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан және мүмкіндігі шектеулі 5500 оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдары сондай-ақ күнделік табыс етілді.

Өздеріңіз білетіндей, бірінші қыркүйек  күні еліміздің барлық мектептерінде жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты жиын өтті. Ал екінші қыркүйек күні оқушылар мектеп партасына отырып, дәріс тыңдады.

Жасыратыны жоқ, Қазақстанда орта білім беру мекемелерінде білім алу тегін болғанмен, баланы жаңа оқу жылына дайындау қымбат. Өкінішке қарай, кейбір ата-аналардың жаңа мектеп формасын, қажетті оқу құралдарын алуға қаржылық мүмкіндігі жетпейді. Отбасында бірнеше оқушы болса, ата-ана оларды жаңа оқу жылына дайындау үшін несие рәсімдеуге мәжбүр болады.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы жоғарыдағы санатқа жататын отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындау үшін жыл сайын ұйымдастыратын «Біз мектепке барамыз» акциясын жүзеге асырды. Атап өтерлігі, биылғы акцияның ауқымы да, аясы да кең болды. Осы жолы коммунистерге кәсіпкерлер, еріктілер және қарапайым азаматтар қолдау көрсетті.

Өз кезегінде партия өкілдері көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан

оқушылар санын анықтау үшін мектептермен, білім басқармаларымен, әкімдіктермен тығыз қарым-қатынас орнатты. Бұған қоса демеушілерге шығып, оларды жақсылық жасауға үгіттеді. Идеяны іске асыру үшін коммунистер акцияға жеке қаражаттарын қосты. Іс барысында коммунистер ҚКХП-ның 15 жылдық мерейтойын атап өтуден бас тартты. Үнемделген қаржы «Біз мектепке барамыз» акциясына жолданды.

Коммунистердің мақсатты әрі тыңғылықты жұмысының нәтижесінде  5500 оқушы жаңа оқу жылына сақадай сай болып барды. Акция республикалық маңызы бар қалалары мен 14 облысын қамтыды. Акцияға ҚКХП-ның Орталық комитетімен қатар облыстық, қалалық, аудандық комиттері қатысты.

Бұл акция популистік өлшем емес, мұқтаж отандастарымызға көмек көрсетуді көздейтін игі іс. Себебі мектептегі білім – жалпы білімнің негізі. Балалар киетін киім, жазатын құрал жоқ деп алаңдамай, мектепке баруы керек.

Коммунистер «Біз мектепке барамыз» акциясына атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтады. Ал оқушыларға сәттілік пен табыс тілейді.

Please publish modules in offcanvas position.