Бейсенбі, 12 Қыркүйек 2019 14:40

Минералды ревизия

Оцените материал
(0 голосов)

Парламент Мәжілісіндегі коммунист-депутаттар минералды-шикізат ресурсын дұрыс пайдалану қажеттігіне назар аударды. Осыған қатысты сауалды «Халық коммунистері» осы тақырыпқа қатысты депутаттық сауалды  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярға жолдады.

Мәжілістің пленарлық отырысында сөз сөйлеген ҚКХП депутаты Галина Баймаханова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономиканың түрлі салаларын талдауды тапсырғанын еске салды.

- Сала тұрақты жұмыс істеп тұр. Ұзақ уақыт жұмыс істеген жүйе жаңғыртуды талап етеді, ал заманауи тенденциялар мен жаңа технологиялар жаңа міндет пен жаңа әдіс ұсынады, - деді коммунист.

Халық қалаулысының сөзінше, инвесторлардың барлығы бірдей емес. Олардың арасында келісімшарт талабын орындамайтындар бар. Арнайы төлем жасамайтындар, салық, жер, табиғатты қорғау және экологиялық заңнамаға қайшы іс-әрекет жасайтындар да кездеседі.

- ҚР ИИДМ мәліметіне сүйенсек, келісім-шарт аумағындағы 68 учаскеде 14 жыл заңсыз барлау жүргізілген. Негізі рұқсат 6 жылға беріледі, -  деді Г.Баймаханова.

Оның пікірінше, мұндай заңсыздыққа жол берілмеуге тиіс.

- Қазіргі кезде мұндайға жол жоқ! Әлемдік экономиканың турбуленттілігі жағдайында ел экономикасының тұрақты дамуы үшін минералды-шикізат кешенінің стратегиялық маңызын арттыру қажет, - деп мәлімдеді депутат.

Алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін «Халық коммунистері» фракциясы ҚР ИИДМ жанынан арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды. Оның құрамына уәкілетті орган қызметкерлері, депутаттар мен тәуелсіз сарапшылар кіруге тиіс. Олар сала жұмысының нәтижесі мен жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттағы міндеттемелерінің орындалуына талдау жасауы керек.  Өрескел заң бұзушылық анықталған жағдайда ҚР Үкіметіне келісімшартты бұзу ұсынылуы тиіс.

Маргарита НИКИТИНА

Please publish modules in offcanvas position.