Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2019 10:19

Қазақстан коммунистері Вьетнам Социалистік Республикасының делегациясын қабылдады

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстанға Вьетнам Социалистік Республикасының делегациясы келді. Сапар барысында делегация басшысы, Саяси бюро мүшесі, Вьетнам коммунистік партиясы Орталық комитеті партиялық тәрбие және насихат бөлімінің меңгерушісі Во Ван Тхыонг Қазақстан Коммунистік халық партиясының жетекшілерімен жүздесті.

Кездесуде ҚКХП ОК хатшысы, Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков вьемнамдық қонақтар біздің елге бұған дейін де келгенін және бұған дейін де екі елдің коммунистері бір-бірімен тығыз байланыста болғанын атап өтті.

- Партияаралық қарым-қатынастың орнағанына көп бола қоймаса да, екі ел кеңес кезеңінен бері араласады, - деді Ж.Ахметбеков.

Ел коммунистері делегаттарды тәуелсіз Қазақстанда құрылған коммунистік партияның тарихымен, қызметімен таныстырып, саяси ұйым президент және парламент сайлауында белсенді болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар партияның Жастар қанаты мен аймақтардағы комитеттері туралы баяндады. 

- Коммунистер және Парламенттегі «Халық коммунистері» фракциясы әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық береді. Біз қарапайым халықтың мүддесін қорғаймыз. Еңбек ету құқығына, әлеуметтік әділдікке, интернационализмге ерекше назар аударамыз,- деді Ж. Ахметбеков.

ҚКХП ОК хатшысы «қазақстандық коммунизмнің» ерекшелігіне тоқталды. Ол ҚКХП мемлекеттік қана емес, жекеменшік және ұжымдық меншікті де мойындайтынын мәлімдеді.

- Біз Вьетнамның алғашқылардың бірі болып Тәуелсіздігімізді танығанын жоғары бағалаймыз. 1992  жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Біз Вьетнам тарихын жақсы білеміз және оған құрметпен қараймыз. Вьетнам халқының  еңбексүйгіштігі мен қаһармандығын қадірлейміз, - деді Ж.Ахметбеков.

Мәжілімен Қазақстан делегациясымен Вьетнамға барғанда социалистік республиканың жаңғырып және Вьетнам Компартиясының нәтижелі жұмыс істеп жатқанын өз көзімен көргенін тілге тиек етті.

Қазір Вьетнам экономикасы ерекше қарқынмен дамып жатыр. Ішкі жалпы өнім мен халықтың өмір сүру сапасы ұлғайып келеді. Сауда-экономикалық қарым-қатнастың да аясы кеңейген.

Во Ван Тхыонг қазақстандық коммунистерге алғыс білдіріп, біздің елге алғаш рет келіп тұрғанын жеткізді.

- Біз Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды назарда ұстаймыз, үнемі бақылап отырамыз. Екі ел арасындағы қарым-қатынас достыққа, өзара сенім мен ықпалдастыққа құрылған. Біз бір-бірімізді халықаралық, аймақтық алаңдарда қолдап отырамыз, - деді ол.

Во Ван Тхыонг ҚКХП-ның осыған дейін жеткен жетістіктерін жоғары бағалап, партия жас болса да халықтың сеніміне ие болып, Парламентке өткеніне тоқталды.

- Вьетнам Компартиясы Қазақстан Коммунистік халық партиясымен серіктес болуын жалғастыра береді, - деді Во Ван Тхыонг.

Делегация басшысы 1986 жылдан бері Вьетнам мемлекетті жаңғырту бағыты бойынша жұмыс істеп келе жатқанын еске салды. Оның айтуынша, Маркстің, Лениннің, Хо Ши Минаның идеологиясын жалғастыру арқылы Вьетнам коммунистері дамудың дара даңғылына түсті. Қазір заман талабына сай тәсілдерді қолданып, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып жатыр.

- Жаңа идеялар, жаңа бастамалар, жаңа жобалар жүзеге асып жатыр. Біз меншік түрінің барлығына қолдау көрсетіп отырмыз , - деп нақтылады Во Ван Тхыонг.

Компартияның саясаты елдің құқықтық жүйесіне оң серпін беріп, азаматтық қоғамның белсенділігін арттырыпты. Бұл туралы Во Ван Тхыонг:

Вьетнам жаңарған, жаңғырған мемлекетке айналып келеді. Біз кедей елдердің қатарынан шығып, білім және адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту көрсеткіші бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткіздік», - деді.

Вьетнам «түрлі-түсті революцияға» жол бермегенінің арқасында береке мен бірліктің ордасына айналған. Осыған қатысты Во Ван Тхыонг: «біз бейбітшілік пен тұрақьылықты қолдаймыз. Себебі берекесі жарасқан елде ғана әлеуметтік-экономикалық өрлеу болады», - деді.

Оның ойынша, Қазақстан мен Вьетнамның дамуына сыбайлас жемқорлық кедергі келтіріп тұр. Во Ван Тхыонг Вьетнам мен Қытай арасында геологиялық барлаудан туған келіспеушілік туралы да пікір білдірді. Бұған қатысты Ж.Ахметбеков мәселені үшінші елдерді араластырмай тиімді болатынын айтты. Тараптар кез келген түсініспеушілікті халықаралық талапқа сай шешкен дұрыс деген байламға келді.

Басқосу барысында ҚКХП ОК құрметті хатшысы, Мәжіліс депутаты Владислав Косарев сөз сөйледі.

- Біз алдыңғы буын өкілдері вьетнам халқының тәуелсіздік үшін жанкештілікпен күрескенін жақсы білеміз. Біз кеңес одағының құрамында болғанда вьетнамдықтарға қолдау көрсеткенбіз, алдағы буақытта да осы ұстанымымздан айн.ымаймыз. Сіздер «таза социализм» қалыптастырып жатырсыздар. Осы үшін сіздерге алғыс айтамыз, - деді Владислав Косарев.

Жиын қорытындысында тараптар бір-біріне естелік үшін кәдесый табыстады.

Маргарита Никитина

VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25VietnamVst0919 25

Please publish modules in offcanvas position.