Сейсенбі, 25 Желтоқсан 2018 09:31

"Сыбайлас жемқорлық -қоғамдағы қауіпті құбылыс" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Оцените материал
(0 голосов)

21 желтоқсан күні ҚКХП МОФ-тың ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлық - қоғамдағы қауіпті құбылыс" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Байгебаев Қ.О., "Азаматтық құқық " ЖМ директоры Байбатырова А., ҮЕҰ  мүшелері, ПИК  басшылары, кәсіпкерлер, партияның белсенділері және т.б. қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы көз-қарасты қалыптастыру мен оның салдарын талқылау.

Департамент басшысының орынбасары Байгебаев Қ., Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атқарып жатқан жұмыстарын,сыбайлас жемқорлықпен күрес жолдарын,оны болдырмау, алдын алу әрекеттерін насихаттады.

А.Байбатырова "Азаматтық құқық" атты жеке мекемесінің атқарып отырған жұмыстарын айта келіп, "Адал дүкен" жобасының мақсатын айтты. Қоғамдағы "Сыбайлас жемқорлық" атты қауіпті құбылыспен күресу бағытында көптеген ұсыныстар айтылды.

Осы және өзгеде мәселелер, маңызды сұрақтар талқыланды.

MangKorrupt 3MangKorrupt 3MangKorrupt 3

Please publish modules in offcanvas position.