Сенбі, 02 Наурыз 2019 10:24

Маңғыстаулық коммунистер мұқтаж зейнеткерге көмек көрсетті

Оцените материал
(0 голосов)

1 наурыз Алғыс айту күні қарсаңында және «Шапағат» халықтық жобасы аясында Маңғыстау облыстық комитетінің коммунистері зейнеткер, еңбек ардагері Толстова Нина Григорьевнаға қайырымдылық көмек көрсетті.

Нина Григорьевна Ақтау қаласының алғашқы тұрғыны, ал оның ұлы Александр Толстов Ақтау қаласының алғашқы тумасы болып табылады. Қазіргі таңда зейнеткер науқас, мүгедектер арбасында отырады. Жуырда ол коммунистерге азық-түлікпен көмектесуді өтінген болатын.

Маңғыстаулық коммунистер зейнеткердің өтінішін жерге қалдырмай, үйіне барып, азық-түлікпен көмек көрсетті.

MangDenBlag 2MangDenBlag 2

Please publish modules in offcanvas position.