Бейсенбі, 22 Тамыз 2019 12:38

Маңғыстаулық коммунистер «Мектепке жол» акциясын өткізіп жатыр

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Маңғыстау облыстық филиалы жаңа оқу жылы қарсаңында Мұнайлы ауданы,Батыр ауылындағы №10 мектепте «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Акция тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жас жеткіншектерге қолдау көрсетіп, олардымектепке даярлауды мақсат тұтты.

Шара шеңберінде оқушыларға мектеп формасы мен оқу-құралдары және күнделік табыс етілді.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Роза Махамбетова акцияның маңыздылығына тоқталып, партияның бастамасына демеушілер мен еріктілер жан-жақты қолдау көрсеткенін тілге тиек етті. Сөз арасында ол оқушыларға оқуда озат болуға, ал ата-аналарға саналы ұрпақ өсіруге тілектестік білдірді.

Мектеп директоры мен ата-аналар партия өкілдері мен белсенділеріне,сондай-ақ акцияға атсалысқан қайырымды жандарға алғыс айтты.

«Мектепке жол» акциясы Атамекен ауылдық округіндегі № 7 мектепте жалғасты. Мұнда да оқушыларға жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары мен мектеп формасы үлестірілді.

Өз кезегінде оқушылар қонақтарға арнап концерт қойды. Ал мектеп ұжымы акцияның маңызы мен мәні зор екеніне тоқталып, коммунистерге ризашылықтарын жеткізді.

68491203 499708024177750 9199847946923802624 o68491203 499708024177750 9199847946923802624 o68491203 499708024177750 9199847946923802624 o68491203 499708024177750 9199847946923802624 o

Please publish modules in offcanvas position.