Жұма, 04 Қазан 2019 10:17

МҰҒАЛІМ- МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің коммунистері Маршал Әбдіхалықов атындағы мектептің педагогикалық ұжымын Ұстаздар күнімен құттықтады.

Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында орналасқан мектепке жету үшін партиялықтарға біршама жолды жүріп өтуге тура келді. Бастысы, олар ұстаздар ұжымын арнайы құттықтап, құрмет көрсетті. 

Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Роза Махамбетова ауыл ұстаздарына ақжарма тілегін ақтарып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Мұғалімдер қоғамның қозғаушы күші. Олардың мамандыққа деген адалдықтары, кәсіби біліктілігі қашанда құрметке лайық. Мұғалімдер жас ұрпаққа білім беру арқылы болашақтың іргетасын қалайды. Демек оқушылар ұлт пен елдің болашағына айналады», – деді Роза Махамбетова.

Облыстық комитетінің бірінші хатшысы өз сөзінде ҚКХП мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытуды әрдайым қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ партия өңірдегі, жалпы елдегі білім сапасының жақсаруын құптайтынын алға тартты. Тиісінше мұғалімдерге лайықты еңбекақы төленіп, баспана алу мүмкіндігі қолжетімді болуын қолдайды.

Кездесу барысында бірінші хатшы тәжірибесі мол мұғалімдерді «ҚКХП-ға 15 жыл» естелік медалімен марапаттады. Мектептің барлық мұғаліміне естелік сыйлықтар мен гүл табыстады.

Мектептің талантты ұл-қыздары ұстаздар қауымына концерттік бағдарлама ұсынды.

Шара соңында мектеп директоры мен білім ордасының ұжымы ауыл мұғалімдерінің еңбегін бағалап, ерекше құрмет көрсеткен коммунистерге алғыс айтты.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.