Сәрсенбі, 04 Қыркүйек 2019 10:06

ҚКХП-ның мерейтойлық медалімен марапаттады

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП) Маңғыстау облыстық комитетінің өкілдері Курск шайқасының қатысушысы, II-дәрежелі Даңқ орденінің иегері Алаудин Орақұлымен кездесті.

Соғыс ардагері коммунистерді жылы шыраймен қарсы алып, өткен өмірінен естелік айтты. Ал Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Роза Махамбетова Алаудин Орақұлын ҚКХП-ның 15 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапаттады.

«Сіз Отан алдындағы борышыңызды абыроймен атқарған азаматсыз. Сіздің өміріңіз бүгінгі ұрпаққа үлгі әрі өнеге», – деді Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы.

Өз кезегінде ақсақал Парламенттегі «Халық коммунистері» фракциясы қарапайым халықтың мүддесін қорғайтынына тоқталып, коммунистер партиясын халықшыл партия деп білетінін тілге тиек етті.

Сөзінің соңында Алаудин Орақұлы коммунистерге алғыс айтып, бата берді.

CYMERA 20190902 163617CYMERA 20190902 163617

Please publish modules in offcanvas position.