Бейсенбі, 07 Қараша 2019 09:34

МАҢҒЫСТАУ КОММУНИСТЕРІ ҰЛЫ ҚАЗАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің активі 7 қараша – Ұлы Қазан революциясымерекесіне орай жиын өткізді.

Комитеттің бірінші хатшысы Роза Махамбетова коммунистерді Ұлы Қазан революциясы күнімен құттықтап, қозғалыстың адамзат тарихындағы тарихын рөліне тоқталды.

Ұлы Қазан революциясы ескі капиталистік әлемнен жаңа, социалистік әлемге түбегейлі бетбұрыс жасады. Социалистік революцияның жетістіктері көп. Атап айтқанда, кеңестік дәуірде қалыптасқан теңдік, бейбітшілік және ұлтаралық келісімнің салтанат құруы. КСРО өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, энергетиканың, ғарыштық техниканың дамуында қуатты серпіліс жасады. Өндірістің барлық салаларына, жаңа ғылыми бағыттарға негіз салды. Кеңес Одағының мәдениет пен спорт саласындағы жетістіктері бүкіл адамзаттың көзқуанышына айналды және төрткіл дүниеге танымал болды.

«Бүгінде біз Кеңес дәуіріндегі еселі еңбегімізбен, әскери ерліктерімізбен, ғылыми жаңалықтарымызбен мақтанамыз. Біз барлық жақсылықтарды, атап айтқанда әділдік, еңбек, теңдік сынды бейбіт өмірдің басымдықтарын сақтауға тырысамыз. ҚКХП осы идеяларды халықтың лайықты өмір сүруі үшін насихаттайды», – дейді коммунистер.

Жиында өңірдің әлеуметтік мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды. Актив партия жұмысының басым бағыттарын әңгімеге өзек етті. Бұдан бөлек ҚКХП қатарына жастарды тарту мәселесі қарастырылып, «Халық коммунистері» фракциясы депутаттарының соңғы сауалдары тілге тиек болды. Сонымен қатар «Шапағат» халықтық жобасының соңғы айлардағы қорытындысы шығарылды.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.