Бейсенбі, 07 Қараша 2019 18:12

ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ЖАҢА МҮШЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Оцените материал
(1 Голосовать)

Ұлы Қазан социалистік революциясы әлем тарихында із қалдырған ХХ ғасырдың аса ірі оқиғасы. Көптеген елдер мен халықтардың тағдырына әсер еткен айтулы төңкерістің тарих қойнауына кеткеніне биыл 102 жыл толды.

Революция нәтижесінде ең мықты әрі ықпалды екі әлемдік державаның бірі – Кеңес одағы пайда болды. Кеңес үкіметі ауқымды реформа жүргізіп, Қазақстанды дамудың дара даңғылына түсірді.

Атаулы күнде Атырау облыстық комитетінің белсенділері, соғыс және еңбек ардагерлері сонымен қатар партия қызметкерлері мен мүшелері В.Ленин ескерткішінің алдында бас қосты. Жиналғандардың алдында ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев сөз сөйледі.

 - Ұлы Қазан социалистік революциясы қоғамның қозғаушы күшіне айналды. Ол адамдардың ерік-жігерін әділет үшін күреске жұмылдырды. Бұл күн тарихтан, адамдардың санасы мен жүрегінен берік орын алды», - деді бірінші хатшы.

Жиында 2004 жылы Қазақстан Коммунистік партиясының құрылуына атсалысқан партия ардагерлері кеңесінің төрағасы, 2004-2012 жылдардағы облыстық комитеттің бірінші хатшысы Жавкен Көшенов пікір білдірді.

- Бұл күнге жете алмағандар, революционерлерге құрмет көрсете алмаған коммунистер көп. Біз бүгінгі шараға солардың аманатын арқалап келдік, - деді Жавкен Көшенов.

Басқосуда жас коммунистер өлең оқыды.Ал ардагерлер мен партия белсенділері құрметке кенелді. Олар партияның мерейтойлық медалімен марапатталды.

Іс барысында партия қатарына жаңа мүшелер қабылданды.

ҚКХП Атырау облыстық комитеті

MangNewChl 7MangNewChl 7MangNewChl 7MangNewChl 7MangNewChl 7MangNewChl 7MangNewChl 7

Please publish modules in offcanvas position.