Жұма, 08 Қараша 2019 14:02

МАҢҒЫСТАУ КОММУНИСТЕРІНІҢ КӨШПЕЛІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті Ұлы Қазан социалистік революциясының 102 жылдығына орай Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында шара өткізді.

Мәдениет үйіне коммунистік қозғалыс белсенділері, облыстық комитет мүшелері, Мұнайлы аудандық комитетінің хатшысы Рүстем Жүсіпов, облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері және ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері жиналды.

Іс-шараның мақсаты – 1917 жылғы Қазан төңкерісінің маңыздылығын талқылау.

Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Роза Махамбетова шараны салтанатты түрде ашып, революцияның тарихынан сыр шертті. Ол

 Махамбетова жиналғандарды революция күнімен құттықтады. Ол коммунистер бастаған жол әлі де жалғасатындығын айтып, сендірді.

Ардагерлердің ел дамуына қосқан зор үлесін айта келе, облыстық комитеттің бірінші хатшысы оларды «ҚКХП-ға 15 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады. Бұдан бөлек, тың игеру және комсомол құрылыстарында жұмыс істеген бұрынғы комсомол мүшелеріне «БЛКЖО-ның 100 жылдығы» медалі тапсырылды.

Сонымен қатар, партияға жаңадан қабылданған адамдарға қоғам қайраткері, академик,Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Маңғыстау облысының тумасы Әбіш Кекілбаевтың кітабы сыйға тартылды.

Шараның салтанатты бөлігі аяқталған соң, өңірдің әлеуметтік мәселелері сөз болды. Бірінші хатшы ауылдықтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсету үшін арнайы келген облыстық комитеттің қоғамдық қабылдауының заңгері Сүйіндік Қарабалаев азаматтарға тегін кеңес берді. ҚКХП Мұнайлы аудандық комитетінің хатшысы Рүстем Жүсіпов те өтініш білдірушілердің әлеуметтік мәселелерін шешуге белсенді қатысты. Барлық келіп түскен ұсыныстар мен сұрақтар қарастырылып, одан әрі шешу үшін есепке алынды.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті

Mang7Nov 9Mang7Nov 9Mang7Nov 9Mang7Nov 9Mang7Nov 9Mang7Nov 9Mang7Nov 9Mang7Nov 9Mang7Nov 9

Please publish modules in offcanvas position.