Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2019 11:06

Бейнеу аудандық комитетінде көшпелі отырыс өтті

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің коммунистері Бейнеу аудандық  партиялық ұйымының активімен кездесті. Жиында облыс көлемінде өткізілген «Көктемгі шақырылым» акциясының қорытындысы талқыланды. Айта кетейік, ҚКХП үшін партия қатарын кеңейту өзекті мәселе. Партия өз қатарына жас әрі белсенді коммунистерді тартуды мақсат тұтады. Басқосу барысында Бейнеу аудандық комитетінің осы бағытта атқарып жатқан жұмысы сараланып, партияның алдағы жоспары талқыланды. Аудандық комитет активі Бейнеу ауылының мәселелерін шешу қажеттігіне назар аударды.

Жиында ҚКХП аудандық комитетінің хатшысы лауазымына Танат Албаевтың кандидатурасы ұсынылды. Жарыссөзде үміткердің ұйымдастырушылық, іскерлік қасиеттері тілге тиек етіліп, партия жұмысына белсене атсалысатыны айтылды. Нәтижесінде коммунистер дауыс беріп, Танат Албаевты ҚКХП Бейнеу аудандық комитетінің хатшысы етіп сайлады.

Шара шеңберінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясы өз қатарына коммунизм идеологиясы мен коммунистердің бастамаларын қолдайтын азаматтарды қабылдауды жалғастыра беретіні еске салынды.

Кездесуде ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Роза Махамбетова партияның барлық құрылымы мен әрбір коммунистің жұмысы маңызды екенін атап өтті.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті

Мангистау1

 

Please publish modules in offcanvas position.