Бейсенбі, 21 Қараша 2019 09:28

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАЙТСЕК ДАМЫТАМЫЗ?

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті Маңғыстау ауданының Ақшымырау ауылының Мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы саласының негізгі мәселелеріне арналған қоғамдық талқылау өткізді.

Шараға ауыл әкімі, Бейнеу аудандық комитетінің хатшысы, еңбек ардагерлері, фермерлер мен ауыл тұрғындары қатысты. 

Жиында ауыл шаруашылығын жандандыру және ауыл өмірін жақсарту мәселелері қызу талқыланып, проблемалар анықталды. ҚКХП ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Оны облыстық комитеттің бірінші хатшысы Роза Махамбетова айтты. 

Саланы етектен тартып отырған бірнеше мәселе бар. Олардың негізгілеріне кадр жетіспеушілігі, қаржыландырудың аздығы, өңдеу бағытындағы шағын цехтардың жоқтығы, жайылымдық жерлердің тапшылығы, жанар-жағармайдың және лизингтік техникалардың қымбаттығы, ауылдардағы инфрақұрылымның дұрыс дамымауы секілді проблемаларды жатқызуға болады. Шаруалардың өздері соңғы жылдары егіншіліктің көрсеткіштері өспегенін атап өтті.

Сондықтан олар коммунистердің көтерген ұсыныстарын оң бағалады.

Шара соңында облыстық комитеттің хатшысы Ақшымырау ауылындағы еңбек ардагерін 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚКХП-ның мерейтойлық медалімен марапаттап, естелік сыйлық табыс етті.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.