Жұма, 06 Қыркүйек 2019 09:17

Партияға бастамашыл кадрлар қажет

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті активінің жиыны партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдаудан және оларға партия билеттерін табыстаудан басталды.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Роза Махамбетова партияның су жаңа мүшелерін құттықтап, оларға табыс пен сәттілік тіледі. Осыдан соң бірінші хатшы партия желісін кеңейту аясында осыған дейін атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

«Бізге іскер, мүдделес, мақсаттас және бастамашыл кадрлар қажет. Олар заман талабына сай жұмыс істеуге бейім болуға тиіс. Біз қатарымызға қосылған әрбір адамды қолдауға дайынбыз. Жаңа кадрлар партияға жаңа леп әкелуі керек. Оларға жаңа форматта, жаңа деңгейде жұмыс істеу қажет», – деді Роза Махамбетова.

Өз кезегінде облыстық комитеттің белсенділері бастауыш партия ұйымдары желісін кеңейту үшін жан аямай еңбек ету қажет екенін алға тартты және «Көктемгі шақырылым» акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті

Мангистау4Мангистау4

Please publish modules in offcanvas position.