Дүйсенбі, 13 Қаңтар 2020 09:46

ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫҢ 108 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Оцените материал
(2 голосов)

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің активі Мұнайлы ауданындағы №10 мектептің жоғары сынып оқушылары үшін Қазақстанның белгілі қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 108 жылдығына орай арнайы шара ұйымдастырды.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Роза Махамбетова арнайы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Дінмұхамед Қонаевтың көп қырлылығын ашып көрсетуге тырысты. Қайраткердің өмір жолына тоқталып, жарқын сәттерді оқушылармен бөлісті.

Дінмұхамед Қонаев коммунист болған. Оның соңына қалдырған мол мұрасы Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілдеріне әлі күнге дейін үлгі-өнеге болып келеді. Партиялық көшбасшыға деген құрмет қаншама жылдар өтсе де, кеміген емес. Ол өз ісімен партия адамының қандай болуы керектігін көрсетіп кеткен тұлға.

Сондай-ақ, облыстық комитеттің бірінші хатшысы өткен жылдағы ҚКХП жұмысының қорытындыларына тоқталды. Бұл ретте, ол коммунистік фракция депутаттарының жұмысына, әлеуметтік жобаларға басымдық берді.

Шара барысында Дінмұхамед Қонаевтың көп қырлы тұлға екендігін ашатын қызықты баяндамалар жасалды. Мәселен, «Саламатты ел» қоғамдық қорының директоры, Ш.Есенов атындағы университеттің аға оқытушысы, политолог Гүлзира Есетованың баяндамасы көпшілікке қатты ұнады. ҚКХП аудандық комитетінің хатшысы Рүстем Юсупов Д.Қонаев басқарған жылдардағы елдің дамуы туралы сөз қозғады. Мектеп директоры Құралай Нұрманова әйгілі қайраткердің патриоттық қасиеттері туралы жақсы ойлар айтты.

«Қазір жастарға дұрыс тәрбие беру үшін өнеге боларлық тұлғалар керек. Осындай лайықты тұлғаның бірі де бірегейі – Дінмұхамед Қонаев. Сол себепті қаншама жылдар өтсе де, халықтың оған деген құрметі ешқашан азайған емес. Біз, коммунистер Дінмұхамед Қонаевты жастарға үлгі-өнеге ете отырып, ұрпақ тәрбиесіне барынша үлес қосуды жөн көрдік», – деді облыстық комитеттің бірінші хатшысы Роза Махамбетова.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті

KonayevMangistau 4KonayevMangistau 4KonayevMangistau 4KonayevMangistau 4

Please publish modules in offcanvas position.