Сәрсенбі, 11 Қыркүйек 2019 08:47

Коммунист-заңгер алимент өндірудің тәсілдерін түсіндірді

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауында азаматтарға тегін құқықтық кеңес берілді.

Заңгер Сүйіндік Қарабалаев өтініш иелерінің арыз-шағымдарын мұқият тыңдап, оларға  жөн сілтеді.

Қоғамдық қабылдауға Г.Балғабаева мен Г.Құтжанова есімді азаматшалар алимент өндіру үшін не істеу қажет екенін білуге келген екен. Заңгер оларға алимент өндіру үшін ең алдымен талап арыз жазылатынын, ол құзырлы органға жөнелтілетінін түсіндірді.

Өкінішке қарай, қоғамда балаларынан безініп, оларды қамтамасыз етуден жалтарып жүрген безбүйрек әкелер көбейіп кетті. Салдарынан жалғызбасты аналар мен жетім балалар тағдырдан теперіш көре бастады. Осы орайда жалғызбасты аналардың сауаты болуы, өзінің, балаларының құқығын қорғай алуы маңызды.

Қоғамдық қабылдауда берілетін тегін құқықтық кеңес жалғызбасты аналардың келер күнге деген сенімін арттырады. Қоғамдық қабылдау заңгер жалдауға қаржылық мүмкіндігі жетпейтін азаматтарға берілген мүмкіндік. Бұл жерде ешкімнен ақы алынбайды. Заңгерлер барлық адамдарға тегін қызмет көрсетеді.

Қоғамдық қабылдаудың заңгерлері тегін кеңес берумен шектелмейді. Қажет болған жағдайда өтініш иесінің құқығын сотта да қорғайды.

ҚКХП-ның қоғамдық қабылдау ұйымдастыру туралы бастамасы қарапайым халықтың қолдауына ие болды. Соның айқын айғағы қоғамдық қабылдауға келушілердің саны күн сайын өсіп жатыр.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті

IMG 20190906 WA0022

Please publish modules in offcanvas position.