Сәрсенбі, 12 Ақпан 2020 09:17

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ҚАЖЕТ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Роза Махамбетова Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының директоры Б.Айтжановамен кездесті.

Әңгіме барысында заманауи білім беру мәселелері, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Сондай-ақ Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы партияның қызметі туралы, коммунист-депутаттардың атқарған жұмыстары туралы айтты.

ҚКХП ұзақ жылдар бойы Қазақстандағы мүгедектердің проблемаларын көтеріп келеді. Осы мәселе бойынша депутаттық сауалдар жолданып, дөңгелек үстелдер, пікірталастар ұйымдастырылды. Оң өзгерістер де жоқ емес. Бірақ коммунистер мұнымен шектеліп қалмай, мүгедектерге кедергісіз орта қалыптастыру, жәрдемақыларды көбейту, мүгедектердің қажеттіліктері үшін дәрі-дәрмектер мен арнайы жабдықтарды беру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра бермек. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды асырап отырған отбасыларға қолдау көрсету керек. Бұл ретте ҚКХП ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қамқорлық жасайтын отбасы мүшелеріне әлеуметтік қызметкер мәртебесін беру бастамасын көтеруде. Сондай-ақ коммунистер мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру мәселесін бірнеше рет көтерді.

Бірінші хатшы мектеп-интернат директорын облыстық комитеттің мүгедектерді оқытуға және қолдауға арналған шараларына шақырды.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.