Сәрсенбі, 12 Ақпан 2020 09:25

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті партияның имиджін көтеріп, облыс тұрғындары арасындағы сенімін арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Маңғыстау облыстық адвокаттар коллегиясының шақыруымен партия комитеті жанындағы қоғамдық қабылдаудың заңгері Сүйіндік Қарабалаев тұрғындарға құқықтық көмек көрсету бойынша ұйымдастырылған акцияға қатысты. Заңгер Ақтау қаласындағы №1 орта мектептің оқытушылар құрамымен кездесті.

Ол азаматтық құқық және әкімшілік заңнама туралы қойылған сұрақтарға кәсіби түрде жауап берді. Акция соңында жиналғандар Сүйіндік Қарабалаевқа көрсеткен қызметі үшін алғыс айтты.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті

Please publish modules in offcanvas position.