Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 16:42

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті өңірдің табысты кәсіпкерлерімен кездесу өткізуде.

«Public  talks: өмір һәм табыс тарихы» жобасы аясындағы кезекті іс-шара Ш.Есенов атындағы колледжде ұйымдастырылды. Жастармен кездесуге кәсіпкерлер Ж.Чаудирбаев пен А.Бешенова шақырылды.

Алғашқысы Маңғыстау облысының мұнайлы кен орындарында жұмыс істейтін жүк тасымалдау компаниясын ұйымдастырған. Екіншісі құжаттарды рәсімдеу бойынша қызмет көрсету фирмасын ашқан.

Жастар алдында сөз алған кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Өмір жолында кездескен қиындықтар мен тәуекелдер туралы айтты. Олар жастарға бизнесмен болу үшін білім мен еңбектен бөлек, үздіксіз даму керектігін ескертті.  

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Роза Махамбетова шақыруды қабыл алып, тәлімді де тағылымды әңгіме өрбіткен кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Сондай-ақ облыстық комитет пен Жастар қанатының жұмысы туралы баяндады.

ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті

Мангситау1Мангситау1Мангситау1

Please publish modules in offcanvas position.