Дүйсенбі, 11 Ақпан 2019 10:18

Тұрғын Сыздықов Қонаев атындағы музейде болды және Шымкент қалалық комитетінде ҚКХП-ның жаңа мүшелеріне партбилет табыстады

Оцените материал
(0 голосов)

Жұмыс сапары барысында депутат Т.Сыздықов  Дінмұхамед Қонаев атындағы музейде болды. Музейде коммунист Қонаев атындағы қордың мүшесі, «Аталар сөзі» газетінің бас редакторы Е.Пернеевпен және Д.Қонаев туралы кітаптың авторы Лаура Бейсекпен кездесті.

Музей экпозицияларымен танысқан соң, мәжілісмен көрнекті мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы естеліктерімен бөлісті.

Кездесу соңында Е.Пернеев қонаққа Дінмұхамед Қонаевтың бейнесі бейнеленген кілем портретін, ал Л.Бейсек депутатқа өз кітабының бір данасын сыйға тартты.

Кейін Тұрғын Ысқақұлы ҚКХП Шымкент қалалық комитетінің кеңсесінде партияның жаңа мүшелерін партия қатарына қабылдау рәсіміне қатысты.

Жаңа партия мүшелерімен кездесу барысында ҚКХП ОК Саяси Бюросының мүшесі Т.Сыздықов партияның мақсат-міндеттері және ҚКХП Бағдарламасының  тармақтарын атап өтті. Сонымен қатар депутат партияның жаңа мүшелеріне партия мен ел мүддесі жолында белсенді қызмет  тіледі.   Сонымен қатар жаңа мүшелерге «Коммунист Казахстана» журналы мен мерейтойлық күнтізбе табысталды.

SyzdMuzey 12SyzdMuzey 12SyzdMuzey 12SyzdMuzey 12SyzdMuzey 12SyzdMuzey 12SyzdMuzey 12SyzdMuzey 12SyzdMuzey 12SyzdMuzey 12SyzdMuzey 12SyzdMuzey 12

Please publish modules in offcanvas position.