Дүйсенбі, 11 Ақпан 2019 10:20

Депутат Т.Сыздықов Шымкент қ. Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасында болды

Оцените материал
(0 голосов)

8 ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов Шымкент қ. Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшылығымен және қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында мәжілісмен Парламенттегі «Халық коммунистері» фракциясының қызметі, әлеуметтік мәселелер төңірегінде жолданған депутаттық сауалдар туралы айтып берді. Депутат жерасты суларының көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу мәселесін көтеріп, осы бағытта жүргізілетін іс-шаралар жайында сұрастырды.

Басқарма басшысының орынбасары Н.Бектұрсынов халық қалаулысын мекеменің қызметімен таныстырып, кейбір мәселелердің басын ашты. Сонымен қатар қаланы көгалдандыру бағдарламасын ұзарту қажеттігіне қатысты ұсыныс айтылды.

Кездесу соңында халық қалаулысы мәселенің оңтайлы шешілуіне ықпалдасуға уәде берді.

ShimSyzd3 5ShimSyzd3 5ShimSyzd3 5ShimSyzd3 5ShimSyzd3 5

Please publish modules in offcanvas position.