Жұма, 20 Қыркүйек 2019 12:59

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғайық

Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласында ҚКХП Шымкент қалалық комитетінің ұйымдастыруымен «Балалар зорлық-зомбылығының алдын-алу. Бала қорғауда қоғам мен азаматтардың рөлі» деген тақырыпта қоғамдық пікірталас өтті.

Пікірталасқа NurOtan, «Ауыл» саяси партиялары бөлімшелерінің белсенділері, «Шымкент қалалық Азаматтық альянсы» ЗТБ мен Шымкент қаласы Білім беру саласы қызметкерлері қауымдастығының өкілдері, Түркістан облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО бөлімшесі мен Спорт басқармасының қызметкерлері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс статистикасы мемлекеттік деңгейде соңғы рет 2017 жылы талқыланған. Сол кезде қылмыстың 30 пайызға артқаны туралы айтылған. Түркістан облысы ІІД тергеу басқармасының мәліметі бойынша, 2017 жылы 230 бала (2016 жылы – 289 бала) сексуалды сипаттағы қылмыстың құрбаны болған, олардың 57-і зорланған, 37-не сексуалды сипаттағы қорлық әрекеті жасалған.

Дағдарыс орталықтарының мәліметі бойынша, ай сайын жалпы республикалық сенім телефонына (150) 19-25 шағым келіп түседі. Олардың шамамен 200-і бала құқығын бұзу, ал әрбір 12-сі қатігездік және зорлық жасау фактілері ретінде тіркеледі. Дағдарыс орталықтары кәмелетке толмағандарға қатысты әрбір сексуалды зорлық әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғау үшін полицияға хабарласады.

Статистика бойынша, қылмысқа балалардың жақындары немесе таныстары барады: жыныстық қылмыс жасағандардың 60% отбасының достары немесе көршілері, 30 % - туыстары және 7-10% - бейтаныс адамдар.

Отбасы институтының әлсіреуі, моральдық-адамгершілік деңгейдің төмендеуі, психикалық ауытқушылықтары бар адамдарды анықтау бойынша денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының өзара байланысының жоқтығы, порнография мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын интернет сайттарының адам психикасына кері әсері сияқты факторлар педофилияның кең таралуына себеп болып отыр.

Баланың мінез-құлқы мен іс-қимылын бақылауды басты назарға алу қажет: далада өзін қалай ұстайды, кіммен араласады, неге қызығады. Оның виртуалды өмірін назардан тыс қалдырмау керек. Бала ата-ана кез келген уақытта көмектесетін, қолдау білдіретін ең жақын адам екенін білуге тиіс.

Психологтардың пікірінше, бала және оның тағдыры үшін ата-ана жауапты. Көп жағдайда отбасында ата-ананың мейірімі мен қамқорлығын таппаған балалар педофилдердің «қармағына» түседі.

Құқық қорғаушылар кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды зорлық фактілерінің бірден бір себебі қоғамда қалыптасқан стереотип деп түсіндіреді. Мұндай жағдайда полицияға шағымдану «ыңғайсыз, ұят» саналады. 

Пікірталас соңында қатысушылар балалардың зорлық-зомбылығының алдын-алуды күшейту бойынша бірқатар ұсыныс жасады.

YUKODetinasil 8YUKODetinasil 8YUKODetinasil 8YUKODetinasil 8YUKODetinasil 8YUKODetinasil 8

Please publish modules in offcanvas position.