Жұма, 27 Қыркүйек 2019 09:44

Коммунистер қарттардың құқығын қорғайтын заң қабылдауды ұсынды

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті зейнет жасындағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шараларды талқылау үшін қоғамдық пікірталас өткізді.

Іс-шараға «Ақ жол» партиясының өкілдері, қалалық білім беру басқармасының қызметкерлері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, қалалық комитет активі және БАҚ қатысты. 

 Пікірталас модераторы қатысушыларды Қазақстан Коммунистік халық партиясының ұстанымымен таныстырды.

«Қазіргі таңда әлемде 65 жастан асқан азаматтардың саны артып келеді. Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше, елімізде осы жылдың басында егде жастағылардың саны 2 млн 141 мың адамды құраған. Отандық сарапшылардың болжамынша, 2030 жылға қарай 65 және одан жоғары жастағы адамдардың саны 11,5%-ға артады. Заңның солқылдақтығы қарт адамдарды тиісті деңгейде қорғамайды және оларды лайықты өмір сүру деңгейімен қамтамасыз етпейді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қарт адамдардың құқығын қорғау туралы заң қабылдау ұсынылады», - деді ол.

Коммунистер зейнетақыны ұлғайтумен қатар зейнет жасындағы адамдардың жеңілдіктерін кеңейтуге бағытталған бірқатар шаралар ұсынды. Оның ішінде республика бойынша қоғамдық көлікте жүру жеңілдігін бір қалыпқа келтіру, темір жол және әуе көліктерінде жүру жеңілдігін қарастыру, қарт адамдарға үй жағдайында тегін (жеңілдік) дәрі-дәрмек беру мүмкіндігін енгізу, дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу, Нұр-Сұлтан қаласындағы  тәртіп негізінде шипажай-курорттық еммен қамтуды жақсарту сияқты бастамалар бар.

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті

ShimZakPozhil 11ShimZakPozhil 11ShimZakPozhil 11ShimZakPozhil 11

Please publish modules in offcanvas position.