Жұма, 04 Қазан 2019 09:32

ҰЛТАЙ ҰСТАЗ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік халық партиясы Ұстаздар күні қарсаңында «Менің ұстазым» акциясын қолға алды. Партия белсенділері өздерінің сүйікті ұстаздары жайлы жазып, әлеуметтік желілерге жариялады. Осылайша акция аясында бастауыш сыныпта жазу-сызуды үйреткен, жоғары сыныпта үлкен өмірге қадам бастырған мұғалімдер жайлы  естелік айтылды.

Бұл ретте коммунистердің республика басшылығының мұғалімдердің еңбекақысын арттыру туралы шешімін құптайтынын атап өткен жөн. Сондай-ақ партия өкілдері «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы төңірегіндегі жұмыстарға белсенді түрде атсалысады.

ҚКХП ұйымдастырған «Менің ұстазым» акциясы аясында партияның Шымкент қалалық комитетінің белсендісі, педагог мамандығын игерген Әлия Солтыбаева өзінің алғашқы ұстазы мен өзге де сүйікті мұғалімдері туралы әсерлі естеліктермен бөлісті.

Әлия бастауыш сыныпта Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданының (қазіргі Бәйдібек ауданы) Шаян ауылындағы В.И.Ленин атындағы мектепте оқыған.

– Мектеп қабырғасында өткен жылдарды еске алсам, алғашқы ұстазым Ұлтай Жақсыбаева ерексіз ойға оралады. Ол ашық мінезді, үлкен жүректі, жұмсақ мінезді жан еді.

Мектептегі алғашқы күндер біз үшін таңсық болғанымен, бойды қорқыныш билегені анық. Міне, осындай кезде ұстазымыз әр баланың тілін тауып, мейіріміне бөлей білді. Ол біздің екінші анамыз еді. Өйткені, ойға алған дүниенің бәрін алдымен сол кісіге айтатынбыз. Ол бізді сөзімізге әрдайым құлақ түріп, қолынан келгенше көмектесетін. Аса бір ыждаһаттылықпен жазуға, оқуға үйретті.

Ұлтай Жақсыбаева жұмысына жан-тәнімен берілген адам еді. Мамандығына адал жан кім десе, сол кісіні көрсетер едім. Ол біздің жүрегімізде ерекше адам ретінде сақталды. Біз Ұлтайдай ұлы ұстазды ешқашан ұмытпаймыз.

Бастауыш сыныпты тәмамдаған соң, Шаян ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепке ауыстым. Жоғары сыныпта биолог Аманқыз Болсынаева, орыс тілі пәнінің мұғалімі Рашида Рауфовна, физик Сәуле Сәниқызы секілді білікті де құрметті педагогтардан білім алдық.

Өміріме даңғыл жол салған ұстаздарыма басымды иіп, шексіз алғысымды білдіремін!

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті

YUKODenUchit

Please publish modules in offcanvas position.