Дүйсенбі, 14 Қазан 2019 09:16

ШЫМКЕНТТЕ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ КӨП

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті қоғамдық қабылдау өткізді. Шара қаланың әлеуметтік мәселелеріне арналды. Оған Еңбекші аудандық әкімдігінің өкілдері, Ардагерлер кеңесінің және Д.Қонаев атындағы қордың мүшелері, сондай-ақ қоғам өкілдері мен қалалық комитеттің белсенділері қатысты.

– Бүгінгі шараның мақсаты – шешілмей отырған мәселелерді анықтау, – деді қоғамдық қабылдаудың ашылуында қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрлан Қадырқұлов.

Проблемалар тұрғындар арасында сауалнама жүргізу әдісі бойынша анықталады. Сауалнаманы ҚКХП белсенділері жүргізеді. Сондай-ақ БАҚ көтерген мәселелер назарға алынады. Шағым өте көп. Мәселен, мектептерде оқушыларға орын жетіспейді. БАҚ-та бала санының көптігінен №23 лицейдің оқушыларын №20 лицейге ауыстырып жатқаны туралы ақпарат тарады. Ал №80 лицейдің оқушылары ғимарат жетпегендіктен, қоғамдық моншаның ғимаратын жалға алып отыр. Жалпы алғанда, кем дегенде алты мектеп оқушыларын балабақшаларға, колледждерге және жеке мектептерге «қоныстандыруға» мәжбүр.

Көлік инфрақұрылымы да ақсап тұр. Қалалық маршруттар кешкі уақытта дұрыс жүрмейді. Бәлкім, елдегі ең төменгі жолақы Шымкент қаласында болғандықтан шығар. Оның үстіне қоғамдық көліктер жеңілдік қарастырылған тұрғындарды тегін тасымалдап жүр десе де болады. Ал олардың шығынын ешкім өтеп бермейді. Жанар-жағармай бағасының тұрақсыздығы, қосалқы бөлшектердің қымбаттауы, билік тарапынан субсидияның қарастырылмауы автопарктерді шығынға батыруда.

Шағын аудандардың тұрғындары жылу мен электр жиі ағытылып қалады деп шағымданады. Қалада көшелерді жарықтандыру, бағдаршам орнату, көшелерді тазалау секілді мәселелер шешілмей келеді. Шымкент қаласы мәртебесінің өзгеру қаланың орталық бөлігінде тұратындар мен шет жағында тұратындар арасында теңсіздік туғызды. Қаланың инфрақұрылымдық жүйелерінің жүктемесі артты. Ал оларды қажетті дүниелермен қамтамасыз ету мәселесі ешкімді алаңдатып отырған жоқ. 

– Қоғамдық қабылдауда айтылған ұтымды ұсыныстар ресми хатпен Шымкент әкіміне жолданады, – деді Нұрлан Қадырқұлов.

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті

ShimSlush

Please publish modules in offcanvas position.