Бейсенбі, 17 Қазан 2019 09:28

ШЫМКЕНТТІК КОММУНИСТЕР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН БАҚЫЛАДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті «Баға қайда шарықтап барады?» деген акция өткізді. Акция аясында қаланың шағын маркеттері мен базарларында азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізілді. Мониторинг азық-түлік бағасының (әсіресе базарларда) орта есеппен 10%-ға көтерілгенін көрсетті.

Нан-тоқаш өнімдері, дәнді дақылдар, ет пен балық, теңіз және сүт өнімдері қымбаттаған. Сондай-ақ май мен жұмыртқа, көкөніс, қант пен кондитерлік өнімдерінің де бағасы шарықтаған. Алкогольсіз және алкогольді сусындардың бағасы да өскен. Ал жеміс-жидектің бағасы едәуір төмендеген. Импортталатын тауарлар ішінде апельсин қымбаттаса (4,3 пайызға), банан керісінше арзандаған (бір ай ішінде 2,8 пайызға).

Дәнді дақылдар бағасының әртүрлі өзгерісі байқалды. Күріштің орташа бағасы бір келісіне өткен жылдың қазанындағы 300-370 теңгемен салыстырғанда 330-400 теңгені құрады. Қарақұмық жармасы 350 теңгеге (былтыр 380 теңге болған), макарон 200 теңгеге (былтыр 185 теңге болған) тең.

Ұсақ қанттың орташа бағасы биыл 233 теңгені құрады (былтыр 223 теңге болған). Сиыр етінің орташа бағасы 1900 теңге көлемінде (2018 жылы 1790 теңге болған), қой еті 1700 теңге (былтыр 1633 теңге болған), жылқы еті 1950 теңге көлемінде (былтыр 1895 теңге болған) қалыптасып отыр.

Бағасы арзан жаңа піскен көкөністер маусымы ерте аяқталды. Қырыққабат (90 теңге) пен картоптың бағасы (110 теңге) 15 пайызға қымбаттады. Сарымсақ бағасы 7,3 пайызға, бұршақ 1,7 пайызға өсті.

Әзірше пияз (минус 25,2 пайыз), сәбіз (минус 22,8 пайыз) қызылша (минус 9 пайыз) сияқты көкөністер арзандауда. Сонымен қатар жаңа піскен қызанақ бар-жоғы 1,4 пайызға арзандады. Сондай-ақ жақын уақытта олардың бағасы өседі.

– Азық-түлік бағасының өсуі инфляциямен, делдалдардың көбеюімен, сондай-ақ қоймалар мен ұзақмерзімді сақтау базаларының болмауымен байланысты деп санайды, – деді коммунистер.

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті

YUKOMonit 4YUKOMonit 4YUKOMonit 4YUKOMonit 4

Please publish modules in offcanvas position.