Жұма, 18 Қазан 2019 09:11

КОММУНИСТЕР КЕДЕЙШІЛІККЕ ҚАРСЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті «Кедейшілік. Не істеу керек?» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған қалалық комитеттің белсенділері, білім басқармасының, «Мейірімді қамқорлық» қауымдастығының, «Nur Otan», «Ақ жол» партияларының, Ардагерлер кеңесінің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер қатысты.

Шараның модераторы, қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрлан Қадырқұлов өз сөзінде кедейшілік мәселесі республикада өзекті болып тұрғанын атап өтті. Бүгінде 796 мың қазақстандық кедейшілік шегінде өмір сүріп отыр. Бұл – жалпы халықтың 4 пайызы. Кедейшіліктің басты критерийі – тұрғындардың нақты күнкөріс деңгейінен төмен жалақы алу. Яғни 31 982 теңгеден аз айлық алатындар кедейлер тобына жатады.

– Кедейшілік әлеуметтік тұрғыдан қауіпті болып табылады. Мұның соңы қылмыстың көбеюіне, жастардың экстремистік, террористік топтарға қосылуына әкеп соқтырады. Оның жаппай белең алуы қоғамдағы орта таптың жоғалуына алып келеді. Сондықтан мәселені кешенді түрде шешу керек, – деді Нұрлан Қадырқұлов.

ҚКХП да кедейшілікпен белсенді түрде күресіп, өз әдістерін ұсынуда. «Халық коммунистері» депутаттық фракциясы Парламентте осыған байланысты бірнеше бастама көтерді. Ұсыныстардың ішіндехалыққа азық-түлік түріндегі көмектің мемлекеттік бағдарламасын қабылдау қажеттігі айтылды. Яғни  ақшаны тек отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсау керек. Сондай-ақ кедейшілік шегін ең төменгі күнкөріс деңгейімен теңестіру керек. 

Коммунистердің пікірінше, мұны қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін ұлттық табыс әділ бөлінуі тиіс. Жеке тұлғаларға салық салудың прогрессивті шкаласын, яғни «салтанат салығын» енгізу керек. Бұл  «бизнес», «люкс» және «премиум» санаттары бойынша жылжымайтын мүлікке, көлікке, тауарлар мен қызметтерге салынатын салықты көбейту керек деген сөз. Сондай-ақ қолданыстағы ақша-несие саясатын қайта қарап, шикізатты сатумен ғана емес, экономиканы өңдеуші сектордың дамуына қарай бұру қажет.

Шараға қатысушылар тақырыпқа қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Дәлірек айтсақ, олар өндірістегі инновацияларды дамыту және негізгі тамақ өнімдерінің сапасын бақылауды күшейту мәселесін күн тәртібіне қойды. 

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті

YUKOBedn 4YUKOBedn 4YUKOBedn 4YUKOBedn 4

Please publish modules in offcanvas position.