Жұма, 25 Қазан 2019 09:35

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА СЕРПІЛІС ҚАЖЕТ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Шымкент қалалық комитетінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара отандық медицинаның бүгіні мен болашағына арналды.

Жиында медициналық қызметтің сапасы, саладағы проблемалар және олардың шешу жолдары талқыланды. Дөңгелек үстелге қалалық «Сенім» медицина қызметкерлері кәсіподағының, Ардагерлер кеңесінің, «Ақ жол» партиясының өкілдері және қалалық комитеттің активі қатысты.

Шараның модераторы, қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрлан Қадырқұлов медициналық көмек сапасының негізгі проблемаларын айтты. 

– Мұндағы басты себептердің бірі – медициналық кадрлардың практикалық дағды тұрғысынан дұрыс дайындалмауы. Педиатрлардың жетіспеушілігі, ауылдардағы, аудандардағы дәрігерлердің тапшылығы.

Дәрі-дәрмектің, әсіресе шетелден импортталатын дәрілердің қымбаттығы да күрделі мәселеге айналған. Диспансерде емделушілерді дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз етпеу, онкологиялық науқастардың диагнозын дұрыс қоймау және тағы басқа проблемалар саланы кері тартып тұр, – деді Нұрлан Қадырқұлов.

Талқылау барысында коммунистер көңілге қонымды бірқатар ұсыныстар айтты. Олар арнаулы, сондай-ақ жалпы практика дәрігерлерін дарялауға және қайта даярлауға көңіл бөлу керек деп есептейтіндерін жеткізді. .

– Педиатрларды медициналық мекемелерге қайтару қажет. Үкімет теңге әлсіреген кезде дәрі-дәрмектің (әсіресе импортталатындардың) бағасын қатаң бақылауға алуы керек, – деді ҚКХП белсенділері.

Денсаулық сақтау басқармалары диспансерлік есепте тұрған адамдарды дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуді қысқамерзім ішінде жоспарлап, өтініштер бойынша тізім қалыптастыруы керек. Сондай-ақ қатерлі ісік ауруын ерте анықтау бойынша жұмысты күшейту қажет. Бұдан бөлек, азаматтар зертханалық және клиникалық тексерулердің барлық кешенінен тегін өтуге тиіс.

Дөңгелек үстел қорытындысында Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды  ІЖӨ-нің 4 пайызына дейін ұлғайту және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл ардагерлері мен мүгедектері үшін арнайы дәріханалар ашу ұсынылды. Сонымен қатар жүкті әйелдер мен балаларға ақысыз медициналық көмек көрсетіп, кепілдендірілген медициналық көмекке кіретін дәрі-дәрмектің тізімін кеңейту туралы бастама көтерілді. Тек төтенше жағдай туындаған кезде ғана қымбат дәрілерді несие арқылы бөліп төлеуге мүмкіндік беру керек.

– Медицина қызметкерлері мен дәрігерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеру қажет. Медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын күшейтіп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жас дәрігерлерді ауылдық жерлерде міндетті түрде 3 жыл жұмыс істету туралы бұйрығының орындалуына қол жеткізу қажет, – деп түйіндеді шараны қатысушылар.

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті

ShymkMedicine 3ShymkMedicine 3ShymkMedicine 3

Please publish modules in offcanvas position.