Сәрсенбі, 30 Қазан 2019 09:42

ШЫМКЕНТТІК КОММУНИСТЕР КОМСОМОЛДЫҢ 101 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті комсомолдың 101 жылдығына орай активтің салтанатты жиынын ұйымдастырды. Шара тарихқа «саяхат» жасаудан басталды. Партия ардагерлері комсомол қозғалысында өткен қызықты сәттерді еске алды.

1918 жылы I Бүкілресейлік жұмысшылар мен шаруалар одағының  съезінде Ресей Коммунистік партиясының (РКП (б) бастамасымен РКЖО (Ресей коммунистерінің жастар одағы) құрылды. Бірнеше жылдан кейін Жастар одағы В.И.Лениннің атымен аталды. Ал 2016 жылы бұл бірлестік Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағына айналды.

Қазақстандық комсомолдың да өз тарихы бар. 1921 жылы Қырғыз (қазақ) Коммунистік жастар одағы (КЖО) Орталық Комитетінің бюросы құрылды. Оны Ғани Мұратбаев пен Мирасбек Төлепов басқарды.

– Комсомол бүкілодақтық құрылыс жобаларына және тың жерлерді игеруге қатысып, Коммунистік партияның лайықты мұрагері бола білді. Ұлы Отан соғысы кезінде комсомолдың миллиондаған мүшелері өз Отанын қорғады. Олардың қатарында біздің даңқты батырларымыз, комсомол мүшелері Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқалар болды, – деді жиын қатысушылары.

Кездесу барысында партия ардагері, коммунист, «Электроаппарат» зауытының директоры Александр Суворовқа ҚКХП-ның мерейтойлық медалі тапсырылды. Сондай-ақ, мерекелік жағдайда Коммунистік партияның жаңа мүшесі, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің қызметкері Атанбек Наурызға партия билеті табыс етілді.

Шарадан кейін жиынға қатысушылар Ғани Мұратбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті

YUKO101Let 6YUKO101Let 6YUKO101Let 6YUKO101Let 6YUKO101Let 6YUKO101Let 6

Please publish modules in offcanvas position.