Жұма, 08 Қараша 2019 09:58

В.ЛЕНИННІҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Шымкент қалалық комитеттің белсенділері мен партия ардагерлері Ұлы Қазан социалистік революциясының 102 жылдығына орай іс-шара ұйымдастырды.

Мереке күнгі шаралар салтанатты жиналыстан басталды. Онда Орталық Комитет хатшысы, «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыровтың құттықтау хаты оқылды.

Дәл осы жерде ҚКХП-ның жаңа мүшесі Ирина Шулаковаға партиялық билет табыс етілді. Ирина отбасылық себептерге байланысты келе алмағандықтан, билетті бастауыш партия ұйымының хатшысы Мәжит Ильяскаровқа берілді.

Кездесу марапаттау шарасына ұласты. Ұзақ жылдар бойы «Шапағат» жобасына белсенді қатысқаны үшін қалалық комитеттің белсендісі Күлзада Алдабергеноваға сый-құрмет көрсетілді. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық аясында Шымкент Азаматтық Альянсының президенті Жұмағали Білісбековке ҚКХП-ның мерейтойлық медалі табыс етілді.

Кездесуден кейін қалалық комитеттің белсенділері қаланың Металлургтер саябағындағы В.Лениннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті

Yuko7Nov 8Yuko7Nov 8Yuko7Nov 8Yuko7Nov 8Yuko7Nov 8Yuko7Nov 8

Please publish modules in offcanvas position.