Жұма, 29 Қараша 2019 09:34

КОММУНИСТЕР ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын қалай аламыз? ҚКХП Шымкент қалалық комитеті ұйымдастырған шарада осы сауалға жауап ізделді.

Жиынға Ішкі істер департаментінің, Ардагерлер кеңесінің, «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының, «Сана Сезім» әйелдер бастамаларын құқықтық қолдау орталығы» қоғамдық орталығының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғам қайраткерлері және қалалық комитет белсенділері қатысты.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық күшейген. «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында Шымкентте осы мәселені шешуге көмектесетін үш орталық ашылған.

– Бас прокуратура жобасының мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылық пен жанжалдарды тоқтату. Өйткені бүгінде оңтүстік тұрғындары елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша көшбасшы болып тұр. Өткен жылдың өзінде Оңтүстік Қазақстанда 13 мың жағдай тіркеліп, әйелдер мен балалар құрбан болды, – деді Шымкент қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрлан Қадырқұлов.

Заңнаманың тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты тұстары дау тудырып отыр. Қазір отбасының ойранын шығаратындар қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Аталған нормаларды жақтаушылар дәл осылай болғаны дұрыс деп санайды. Себебі зардап шеккен әйелдердің барлығы бірдей жұбайын қылмыстық бап бойынша жазаламайды. Ал бұған қарсылар бұл әдіс үйдегі тирандардың қол-аяғын «тұсап» тастайды деген сенімде. Десе де, агрессорларға көп жағдайда айыппұл салынады. Бірақ бұл қадам арқылы кім-кімді жазалайтыны түсініксіз. Өйткені айыппұл көбінесе отбасылық бюджеттен төленеді.

Мәселені тиімді шешуге тағы не тосқауыл? Мұның көптеген себептері бар. Мысалы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы нақты статистика жоқ.

– Отбасындағы зорлық-зомбылықтың көп бөлігі жария етілмейді. Зардап шеккендер көбінесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоңырауға жауап бермейді деп есептейді. Өйткені әйел өзі жанжал шығарды деп санайды. Көптеген әйелдер үндемей, ұят болады деген оймен сот орындарынан көмек сұрамауды жөн көреді, – дейді шара қатысушылары.

Үкіметтік емес ұйымдар заңнамада үйдің ойранын шығаратындарды міндетті психологиялық курстардан өтуді белгілеуді ұсынады. Жақында «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары отбасылық қатынастар саласындағы проблемалармен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Олар дәл осы идеяны көтерген болатын.

Талқылау қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Шымкенттік коммунистер біздің қоғам бірқатар стереотиптерді, әсіресе құрбан болған әйелдерге қатысты стереотиптерді бұзуы керек деп санайды.

Сонымен қатар қалалық комитет учаскелік полиция қызметкерлерінің тұрмыстық қиын жағдайларды анықтаудағы жұмысын күшейту, мұндай қылмыстардың барлығын тіркеу және зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсету қажет деп санайды. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың «серіктерімен», яғни  алкоголизммен және нашақорлықпен күресу керек деп есептейді.

Өз кезегінде пікірталасқа қатысушылар Мас адамдарды бейімдеу орталықтарын Денсаулық сақтау министрлігінен Ішкі істер министрлігіне қайтаруды ұсынды. Сондай-ақ анықталған агрессорларды тестілеуге және психологтардың кеңесінен өтуді міндеттеу керек.

– Қоғамда әйелдер арасындағы өркениетті қатынастарды діни және психикалық наным-сенімге жол бермей, аналық тұрғыдан алғанда, әйелдердің әлеуметтік мәртебесін мемлекеттік деңгейде көтеру қажет, – дейді қатысушылар.

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті

ShimkBytNasilie 4ShimkBytNasilie 4ShimkBytNasilie 4ShimkBytNasilie 4

Please publish modules in offcanvas position.