Жұма, 06 Қыркүйек 2019 09:52

ҚКХП жастар қанатын креативті жас көшбасшылар басқаруы керек

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті жартыжылдықтың қорытындысын жариялады. Басқосуда бастауыш партия ұйымдары желісін кеңейту мәселесі талқыланды.

Айта кетейік, ҚКХП Шымкент қалалық комитеті қала мәртебесінің өзгертілуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің қайта ұйымдастырылуынан кейін Әділет департаментінде биылғы жылдың 16 қаңтарында тіркелген.

– Шымкент қалалық комитеті құрылғаннан кейін бірден президенттік сайлауға қатысты, – деді жиналыста қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрлан Қадырқұлов.

Сайлауалды кампанияға қатысу, бұқаралық акцияларды ұйымдастыру, «Шапағат» халықтық жобасын жүзеге асыру, партияның қоғамдық қабылдауын өткізу және тегін заңгерлік кеңес сынды бастамалар Шымкент қалалық комитетінің жұмысы қайнап жататынын көрсетеді.

– Біз партиялық жұмысты күшейту үшін жаңа әдістер мен механизмдерді іске қосуымыз керек, – деді Нұрлан Қадырқұлов. 

ҚКХП Шымкент қалалық комитеті партияның жастар қанатына ерекше мән беруді жоспарлап отыр. Коммунистердің пікірінше, жастар қанатын креативті ойлайтын және жұмыс істеуге құлшынысы бар жас көшбасшылар басқаруға тиіс.

IMG 20190905 WA0054IMG 20190905 WA0054IMG 20190905 WA0054IMG 20190905 WA0054IMG 20190905 WA0054IMG 20190905 WA0054

Please publish modules in offcanvas position.