Бейсенбі, 12 Қыркүйек 2019 17:06

«Көмек алу құқығы» акциясын өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік халық партиясының облыстық, қалалық комитеттерінде қоғамдық қабылдау жұмыс істейді. Таяуда құрылған Шымкент қалалық комитетінде де қоғамдық қабылдау өткізіледі.

Қоғамдық қабылдауда заңгерлер азаматтарға тегін құқықтық кеңес береді. Жыл басынан бері мұнда ипотекалық қарызға, коммуналдық қызмет көрсетуге, тарифке, қала көшелерін жарықтандыруға қатысты түрлі әлеуметтік мәселелер талқыланды.

Атқарып жатқан жұмыстарын насихаттау үшін коммунистер «Көмек алу құқығы» атты акция ұйымдастырды. Іс барысында белсенділер мен еріктілер Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық қабылдаудың қызметіне қатысты ақпараттық парақша таратты. Сонымен қатар олар Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының виртуалды қоғамдық қабылдауы жұмыс істейтінін, оған кез келген мәселе бойынша «WhatsApp» қосымшасы арқылы +7(700) 088- 19 -17 номері арқылы хабарласуға болатынын жеткізді.

ShimPravoPom 8ShimPravoPom 8ShimPravoPom 8ShimPravoPom 8ShimPravoPom 8ShimPravoPom 8ShimPravoPom 8ShimPravoPom 8

Please publish modules in offcanvas position.